Анонс


Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешен ашылды

Дүйсенбі, 05 Қазан 2015 10:22
Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешен ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешен ашылды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.

Мемориалды кешеннің биіктігі – 24 метр. Жалпы жоба құны – 257 млн теңге. Кешен кесене мен қазақтың үш жүзін бейнелейтін үш ту түріндегі стелладан тұрады. Туларда бүкіл қазақ руларының таңбалары басылған. Бұл жоба ашық аспан астындағы музейге айналмақ.  Сонымен қатар Толыбай ауылында ханның музейі ашылды. Ашылу салтанаты кезінде ақ шаңқан үйлер тігіліп, этноауыл бой түзеді. Тойға алыс-жақын шетелдерден меймандар келді.

Ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келіп қатысты.

«1710 жылы 17 жасында Кіші жүзге хан болып сайланған Әбілқайырдың қазақ тарихындағы алатын орны ерекше. Біз ұлан-байтақ даламызды сақтап қалған, өздерінің қандарыменен терлерін төккен ата-бабаларымызды ешуақытта ұмытпауымыз керек. Белгілі хан, қолбасшы, үлкен бабамыз Әбілқайыр ханның аруағына тағзым етіп, бас иіп, болашақ үшін, мынау жастарды Отанды, ұлтты тәрбиелеуге баулу үшін осы жерде үлкен жұмыс жасалынды. Болашағымыз, дамуымыз тарихқа байланысты», – деді Б.Сапарбаев.

2891 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper