Анонс


Қазақстандағы 23 тарихи ескерткіш ЮНЕСКО тізіміне енгізілмек Таңдаулы

Бейсенбі, 23 Шілде 2015 11:06
Қазақстандағы 23 тарихи ескерткіш ЮНЕСКО тізіміне енгізілмек KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның мәдениет саласындағы ірі жетістігі - ескерткіштерінің көп бөлігі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақов.

 «Біз Қазақстанның тарихи ескерткіштерін ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Тура бір жыл бұрын оған «Ұлы Жібек жолының Тянь-Шаньдық бөлігі» енгізілген болатын, ол сегіз ескерткіштен – Қаялық, Талхир, Құлан қалаларынан, Ақтөбе, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас ескі қала орындарынан, Қарамерген керуен-сарайынан тұрады», - деді К.Байпақов.

Сонымен қатар ол Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ, Жанкент, Жент және бірқатар басқа қалаларымен бірге Ұлы Жібек жолының Сырдария бөлігін барлығы 23 ескерткішті мәдени мұра тізіміне енгізу жалғасып жатқанына тоқталды. «Бұл еліміздің брендті ескерткіштері», - деп атап өтті Карл Байпақов.

 
3967 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper