Анонс


Euronews кезекті сюжетін Айша Бибі кесенесіне арнады (ФОТО) Таңдаулы

Сейсенбі, 21 Шілде 2015 12:23
Euronews кезекті сюжетін Айша Бибі кесенесіне арнады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Euronews телеарнасының Қазақстанның сәулетті жерлеріне арналған «Қазақстаннан ашық хат» деп аталатын айдарындағы кезекті танымдық сюжеті еліміздің Тараз қаласындағы ең әдемі кесенелерінің бірі, мәңгілік махаббат ескерткіші – Айша Бибі мазарына арналған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Айша бибі кесенесін толық қалпына келтіру жұмыстары 2002 жылы басталған болатын. Мазардың өзінен бөлек оның айналысындағы бау-бақшалар да қалпына келтірілуде», – дейді Euronews-тен Симус Кирни. 



Аңызға сәйкес, ежелгі билеуші Қарахан бұл кесенені өз сүйіктісі Айша Бибіге арнап тұрғызған. Жас бойжеткен өз туыстарының қарсылығына қарамастан, Қараханмен бірге болуға бел шешеді. Алайда, оны жылан шағып өлтіріп, ол сүйіктісіне жете алмай, арманда кетеді. 

«Ортағасырлық Айша Бибі ескерткіші махаббат пен сенімге арналған, ол – қасиетті бойтұмар», – дейді гид Жемісбек Жадыраев. 



Отбасылық өмірге жаңадан қадам басқан ғашықтардың осында келіп, Айша бибіге құрмет көрсетуі бүгінде дәстүрге айналған. 

«Олар мұнда келіп, өз некелерінің мәңгілік болуы, ешқандай қиыншылыққа тап болмай, тату-тәтті өмір сүру үшін ниет етеді», – деді Ж.Жадыраев. 

Мазар құрылысының ерекшелігі және ою-өрнектерінің әсемдігі талайды тамсандырады.

Еске сала кетсек, Euronews сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының ежелгі қаласы Түркістан жайлы, Астанадағы «Өмір ағашы» Бәйтерек жайлы және Алматының көзтартар таулы өлкелері жайлы сюжеттер түсірген болатын.

 

 

 
2955 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper