Анонс


ЮНЕCКО тізіміне ену номинацияcына 16 ескерткішке құжаттамалар дайындалуда – М.Әзілханов

Жексенбі, 24 Мамыр 2015 23:12
ЮНЕCКО тізіміне ену номинацияcына 16 ескерткішке құжаттамалар дайындалуда – М.Әзілханов KAZMUSEUM.KZ -  

Елбасы бастамашылығының негізінде әзірленіп, 2004-2011 жылдарда жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау, пайдалануға арналған ауқымды іс-шаралар атқарылды. Бұл туралы «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі ескерткіштерді заңды түрде есепке алып, оларды қорғау мақсатында республикалық және жергілікті маңызы бар 11 500 объектен тұратын тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізімі Үкімет қаулысымен бекітілді. 
«Мысалы, облыстардың және Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің 8 жинағы жарық көрді», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау мәселесіндегі қазіргі кездегі ең ірі жетістіктерінің бірі – елдің 8 бірегей ескерткіштерінің 2014 жылы ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» трансшекаралық сериясы номинациясы аясында Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгенін де сүйіншіледі. 
«Ал, биылғы жылы ЮНЕCКО-ның тізіміне ену номинацияcына Жібек Жолының Сырдарья бөлігіндегі 16 ескерткішке қажетті құжаттамалар дайындалуда», - деп атап өтті М.Әзілханов. 
Айта кетейік, іс-шара барысында арнайы әзірленген көрме ұсынылып, мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, қайтадан жасау жұмыстарының сапасы, қорық-музейлердің мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың орындалуы мәселелері қаралды.
Отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, сондай-ақ құзырлы ведомстволар басшылығы, тарихшы ғалымдар мен сәулетшілер, музей саласының өкілдері қатысып, есептік баяндамалар жасады.

 

 
2650 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper