Анонс


Тас дәуірінен тін тартқан Қазыдарал тұрағы

Бейсенбі, 27 Тамыз 2020 16:58
Тас дәуірінен тін тартқан Қазыдарал тұрағы KAZMUSEUM.KZ -  

Ќұм басқан тарихты зерттеп, ғылыми жаңалық ашу археологтардың басты міндеті екені шұбасыз. Әр төбесін түртсең тарихтан сыр шертетін Ойылдың тарихы тым тереңде. Облыстық ғалымдардан бөлек Республика деңгейіндегі ғалымдарды толғандырып отырған біздің аймақтың тарихы расында тым бөлек. Ерте тас, қола дәуіріне тиесілі жәдігерлердің табылуы тарихқа жаңғырған үн қосып келеді.

Осы бағытта Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің қызметкерлері Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, жерлесеміз, археолог Аслан Мамедовтың методикалық көмегінің нәтижесінде «Қаздыарал» тұрағына археологиялық барлау, іздестіру, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарына ауданымыздың жас археолог үйірмесі, жас ғылым жанашырлары ерікті түрде атсалысты. Қаздыарал тұрағы қазіргі Ш.Берсиев ауылдық округіне қарасты мекен. Барлау жұмысы барысында кездейсоқ табылған құмыра басқа жерге қайта көмілгендігі анықталды. Көмілген жерге іздестіру жүргізу кезінде ерте кезеңдегі қауымның жерленгені байқалды. Жергілікті музейдің алғашќы  зерттеу жұмыстары қараталдық тұрғындардың кездейсоқ табылған олжаларына байланысты басталып кетті. Қаздыарал өте құмақты жер. Желдің екпінімен көшкен құмның орындарынан тұрғындар адам сүйектерін, қыштан жасалған ыдыстар тауып алған. Бұл факт расында археологтарды қызықтырды. Себебі біздің жерімізде қыштан жасалған ыдыс-аяқтар энеолит кезеңінде пайда болған. Бұл өте сирек кездесетін археологиялық олжа, - дейді археолог Аслан Мамедов. Негізгі қабірі сақталған 3 жерленген жердің орны ашылды. Екі қайта көмілген сүйектері бар шұңқырлар қазылған. Нәтижесінде ерте қола дәуірі мен орта ғасырға дейін археологиялық жәдігерлер ашылып, суреттелді. Ғылыми жағынан табылған заттардың маңыздылығы жоғары, терең зерттеуді қажет етеді. Соңғы жылдары ауданымызда көне ескерткіштер мен қорымдарды археологиялық зерттеу деңгейі дамып келеді. Сондай-ақ қасиетті Ойыл жерін зерттеуге ғалымдардың да қызығушылығы жоғары екенін айта кетуге болады. Алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Ш.Берсиев атындағы музейде 6337 музей заты мен әр түрлі кезеңге жататын жәдігерлер сақталған. Археологиялық қазба жұмысынан алынған жәдігерлер уақыт өте зерттеліп, аудандық музей экспозияциясынан көрініс табатын болады.

Медет ҚҰЛМҰҚАНОВ,

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық

 өнер және өлке тарихы музейінің

қор сақтаушысы

1661 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper