Анонс


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 05:39
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Жібек жолы» ауылдық округінің әкімі  Н.Сагиндиковтың ұйымдастыруымен Түркістан аумағындағы ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру-түсіндіру жұмыстары бойынша «Жібек жолы» ауылдық округінде кездесу болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Кездесуге «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к., М.Қ.Тұяқбаев, ғылыми қызметкер Б.Байболов, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің  қызметкерлері Н.Назаров, Т.Тәженов, ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында т.ғ.к., М.Қ.Тұяқбаев Сауран археологиялық-архитектуралық ескерткіштер кешенінде орналасқан бірқатар ескерткіштердің сақталу жағдайы жайлы, «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі заңын,  ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарынан тұратын, арнайы әзірленген презентация арқылы түсіндіріп,  тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Келген ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына қорық-музей қорынан «Тоғыз жолдың торабында орналасқан Жібек жолы» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды.  «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі және ауылдық округ әкімшілік  арасында ескерткіштерге тұрақты түрде сақтау мақсатында қорғау міндеттемесіне қол қойылды. Ауыл әкімшілігі мен мектеп кітапханасына қорық-музейдің баспа өнімдері «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағы және «Ясауи мұрасы» газеті сыйға берілді. Қорық-музейдің күнделікті жаңалықтары, тың мақалалар, өткізген іс-шаралары жарияланатын аталмыш газетке жазылуға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында ауылдық округ әкімі қорық-музей ұжымына тұрғындар атынан өз алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. 

2807 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper