Анонс


Премьер-Министр «Қорқыт Ата» кешенін аралады Таңдаулы

Бейсенбі, 07 Шілде 2016 23:39
Премьер-Министр «Қорқыт Ата» кешенін аралады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Қорқыт Ата» музейінің жаңғартылған экспозициясы мен амфитеатрды аралап  көрді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мемориалдық кешеннің қайтадан қалпына келтірілуі туралы әңгімелеп берді, деп хабарлады Үкімет басшысының Pm.kz ресми сайты.

1980 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші IX ғасырдағы аты аңызға айналған композитор, ақын, философ әрі қобыз атасы Қорқыт атаға арналған.

1997 жылы мемориал алғаш рет реставрацияланды, мұнда халық әуендерінен концерттер өткізілетін амфитеатр пайда болды, одан кейін Қорқыт бабамыз өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін музей ашылды.

Мемориалдық кешен «Қорқыт» темір жол айрығы маңында, Қызылорда облысының Жосалы ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Жыл сайын бұл жерге Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден мыңдаған туристер келеді.

Байқоңыр ғарыш айлағы тәрізді, «Қорқыт Ата» кешені де «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде шетелдік т уристер арнайы баратын туристік нысандар тізіміне енгізілді. 

2433 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper