Анонс


ШҚО-дағы Абылайкит ескерткішін зерттеу жұмыстары қолға алынады

Сәрсенбі, 04 Мамыр 2016 20:20
ШҚО-дағы Абылайкит ескерткішін зерттеу жұмыстары қолға алынады KAZMUSEUM.KZ -  

Ортағасырлық Абылайкит бекініс-монастыры 2016-2018 жылдарға арналған археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына енді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жерді зерттеу Шығыс Қазақстанға  бүкіл әлемдегі адамдардың, әсіресе, буддизмге қызығушылық танытқандардың келуіне түрткі болмақ. Бұл туралы  тарих ғылымдарының докторы, «Ұлан ауданындағы  ортағасырлық Абылайкит бекініс-монастыры» жобасы жетекшілерінің бірі Карл Байпақов мәлімдеген. 

«Археологияны дамыту бойынша бағдарламаның жүзеге асуы ШҚО үшін тарихи құбылыс. Облыс алғаш рет осындай ауқымды жобаны іске асыру бастамасын көтерді. Біз сақ қорғандарын, соның ішінде   Абылайкит ескерткішін зерттейміз», - деп атап өтті Карл Байпақов.

Ғалым айтқандай, Абылайкит ескерткішінің жанына Тибет буддизмімен байланысы бар діни-білім беру орталығы ашылды.

1721 жылы майор Лихарев келіп, ерекше жәдігерлерді тауып, Санкт-Петерборға жөнелтті. Солардың ішінде Тибет буддизмін зерттеуге түрткі болған жәдігерлер табылды.

«Тибет буддизмі әлемде кең тараған. Адамдардың көбі оған қызығушылық танытады. Абылайкит сонымен байланысты. Жаңа археологиялық әдістердің көмегімен жаңалықтардың жаңа қорын ашпақ ойымыз бар», - деп атап өтті сарапшы.

Жоба жетекшісі Абылайкитті танымал ескерткішке айналдыруға өңірде мүмкіндіктер бар екеніне сенімді.  Мұнда Қытай, Бурятия, Забайкалья, Калмыкия, Моңғолиядан ғалымдар келеді.

 

2963 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper