Отырар шайқасының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

Сейсенбі, 28 Мамыр 2019 23:08
Отырар шайқасының 800 жылдығына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Отырар қорғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырған «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Абай музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің ашылу салтанатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлан-Бек  Мейрамхатұлы сөз сөйлеп, Отырар музейінің бас қорсақтаушысы Ералы Төлендіұлы көрме барысымен таныстырды.

Айта кететін жайт, көрме төрт бөлімнен тұрады. Көрмеге Отырар қорғанынан табылған 200 жәдігер қойылған.

Сондай-ақ, салтанат соңы әсем әнмен түйінделіп, көрмеге экскурсия жүргізілді. «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі Абай музейінде бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады.

831 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper