Анонс


Қасиетті Қағбаны орайтын мата Ұлттық музейдегі көрмеге қойылды (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 19 Мамыр 2017 03:59
Қасиетті Қағбаны орайтын мата Ұлттық музейдегі көрмеге қойылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Сауд Арабиясы королі Фейсал ибн Абдул Азиздің жеке коллекциясынан «Әл Фейсал: әділдік және батылдық жолы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. 

«Бүгінгі көрмеге ұлы мәртебелінің қару-жарақтары, наградалары мен тарихи құжаттары бар. Әр мемелекеттің тарихында сол елдің саяси-экономикалық және рухани айырықша із қалдырған тұлғалары болады. Достас Сауд Арабия елінде 1964-1975 жылдар аралығында кемел басшылық жасап, бірқатар саяси және экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып, елдің әлеуетін арттыруда үлкен іс қалдырған ұлы мәртебелі кароль Фейсал ибн Абдул Азиз Аль Саудды біз сондай тұлға ретінде танимыз. Мұндай дарынды тұлғаның әрбір тындырған ісі мен тұтынған заттары халықаралық насихатталуға лайық» – деді Г.Әбдіхалықова. 

Ал Ислам зерттеулер орталығының басқарма төрағасы, ханзада Турки Аль Фейсаль Аль Сауд Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстың жан-жақты екендігін атап өтті.

 «Сауд Арабия королдігімен Қазақстан республикасы арасында қарым-қатынас жақсы дамып келе жатыр. Біз Астана қаласын көру арқылы Қазақстанның болашығының зор екендігіне көз жеткіздік. Қазақстан мен Сауд Арабиясын сауда саттық пен дипломатиялық қана қарым қатынаста емес. Одан басқа да екі ел арасын байланыстыратын құндылықтар бар. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына үш рет ресми сапарда болғанын атап өтуге болады» – деді ханзада сөзінде.

Көрмеде корольдің жеке заттары, қасиетті мусхафтар, 1927 жылы король Фейсалдың бастамасымен ашылған кисуа матасын (қасиетті Қағбаны орайтын мата) өндіретін цехта жасалған алғашқы кисуа және  қару жарақтар, құрмет төсбелгілері, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар назарға ұсынылды.

 Әл Фейсал басшылық еткен дәуір мұрасын бағаламау мүмкін емес. Король  жүргізген ауқымды реформалар қоғамның барлық қырларына әсер етіп мемлекетті жаңа деңгейге көтерді. Елде жоспарлау жүйесі бекітілді, бүгінгі күннің өзінде  жаңа заңнамалық нормалар дайындау кезінде сүйенетін маңызды заңдар қабылданды. Фейсалдың халықаралық деңгейдегі бастамалары Корольдікті халықаралық саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастықта белсенділік танытатын ірі державалар қатарына қосты.

 

12529 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper