Анонс


Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланбаған суреттері ел назарына ұсынылды (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 23:51
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланбаған суреттері ел назарына ұсынылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тұңғыш Президент күні және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі және радиосымен бірлесіп ұйымдастырылған «Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылғы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады.

Фотокөрменің ашылуында ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин алғашқы болып сөз алды.

«Бүгін сіздердің назарлаңызға отыздан астам жұмыс тартылып отыр. Мұның барлығы 25 жылдық тәуелсіздігіміздің объективте сақталған тарихы десек те болады», - деді А.Сатубалдин.

«Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі және радиосының жетекшісі Ольга Коваленко көрме жөнінде:

«Тәуелсіздік алған 25 жылда біз көптеген қиындықтарды да, қуаныштарды да басымыздан өткердік. Осы жылдардың барлығында да Елбасымыз біздің жолбастаушымыз болды. Біз президентіміздің әр жылдардағы суреттерін архивімізді ақтарып жүріп тауып, халық назарына алдағы атаулы күннің қарсаңында ұсынғанды жөн көрдік. Сіздер бұл туындыларда Елбасымыздың тек ресми кездесулерін емес, әртүрлі жағдайларын көре аласыздар», - деді.

 

 

Sputnik фотоқорының көрмеге қойылған туындыларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінің әр сәті бейнеленген. Туындылар 1990-2016 жылдар  аралығын қамтиды.

 

 

Материалды көшіріп басқанда немесе белгілі бір бөлігін пайдаланған жағдайда алғашқы абзацта kazmuseum.kz сайтына гиперсілтеме берілуі талап етіледі. 

4712 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper