Анонс


«Алтын балықтар» Ұлттық музейдің көрмесіне қойылатын болды

Сейсенбі, 11 Қазан 2016 04:20
«Алтын балықтар» Ұлттық музейдің көрмесіне қойылатын болды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 11 қазанда сағат 16.00-де Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған итальяндық мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Фриули – Италияның солтүстік шығысында орналасқан және Альпіден Адриатика жағалауларына дейінгі аймақты алып жатқан ерекше автономияларының бірі.

Тарихы мыңдаған жылдарға кететін мозаика қолданыстан шыққан емес және заманауи өнерде де пайдаланылады. Мозаикадан жасалған нысандар  заманауи сәулетті түрлендіріп қана қоймайды, сонымен қатар тарихи сәулетке жарқын ерекшеліктер де кіргізе алады.

Белгілі бір бұрыштан қарағанда және түскен жарықтың бағытына орай интерактивті мүмкіндікте көрінетін мозаиканың бірегей бейнелі қасиеттері оны заманауи өнердің түрі етеді. Жаңа технологиялар мен материалдар заманауи шеберлерге өткен дәуірлердегі еңбектермен салыстыруға келмейтін бірегей туындылар жасауға мүмкіндік береді.

Көрмеге «Алтын балықтар», «Ат басты теңіз балықтары», «Аққулар», «Барылдақ торғайлар», «Әулие отбасы», «Тоқыма», «Құпия», «Көлеңкелер», «Уики және балықтар» сынды 50-ден астам мозаикадан жасалған туындылар қойылады.

Көрермендер алтын және платинамен қапталған керемет майолика бұйымдарымен танысады. Бұлар – сәндік өрнектермен безендірілген вазалар, табақтар, құмыралар, екі сапты графиндер, тегештер, үлкен шамдалдар, құмғандар, қобдишалар, барокко сағаттары және т.б.  Барлығы 70-ке жуық керамика бұйымдары.

Көрме 28 қарашаға дейін жалғасады.

4472 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper