Анонс


Тараздан табылған алтын бұйымдар Ұлттық музейдегі көрмеге қойылады

Жұма, 23 Қыркүйек 2016 00:47
Тараздан табылған алтын бұйымдар Ұлттық музейдегі көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде   2016 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:30-да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан»  атты Жамбыл облысының мәдениет күндерін өткізуге  облыс музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихы терең  Тараздан тағзым»  атты  көрменің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Астана қаласының  қонақтары мен тұрғындары Жамбыл облысы музейлерінің материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік алады. Көрмеде әлемдік маңызы бар бірегей жәдігерлер мен артефакттілер ұсынылады. Бұлар Тараз қаласында әр жылдары қазба жұмыстары нәтижесінде кезде табылған Жетітөбе обасының алтын бұйымдары (2012 ж), Айша бибі кесенесінің кірпіштері, қоладан, қыштан жасалған археологиялық заттар.

Жамбыл облысы өзінің мәдени және рухани мұрасымен бай, оның тарихи бірегейлігі Ұлы Жібек жолымен байланысты. Ең құнды саманидтердің күміс монеталар  қазынасы, түркі, қараханид, моңғол теңгелердің нумизматикалық топтамалары.

         Сонымен қатар қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі әскери қару-жарақтарын ұсынады, Қазақ хандығы Жамбыл облысының Шу мен Талас өзендерінің  аумағы Қозыбасы  жерінде құрылған. 2015 жылғы қазан айында Қазақ хандығының 550-жылдығы Халықаралық деңгейде  аталып өтті.

        «Қазақ халқының этномәдениеті мен тұрмысы» бөлімінде этнографиялық жинақтың ең жақсы үлгілері тек облыстық музейдің ғана емес, сондай-ақ, ІІД-нің музейі, Абай атындағы гуманитарлық колледжі, облыстағы аудандық музейлердің жәдігерлерінен, жеке топтамалардан жинақталған. Онда дәстүрлі музыкалық аспаптар, ағаш пен теріден  жасалған ыдыстар, қазақтың ұлттық киімі, ұлттық зергерлік әшекей-бұйымдары қойылған.

         Сондай-ақ, көрмеге Кеңес Одағының БатырыБауыржан Момышұлының, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің, терроризмге қарсы күресте, жанқиярлық ерлік көрсеткен жамбылдық оғлан Ғазиз Байтасов, III дәрежелі «Айбын» орденінің иегерлері Полат Аянқұлов және Жаксыбек Бексеитовтің жеке заттары мен құжаттары қойылады.

        Көрме Жамбыл облысы әкімдігі және мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады. Облыс әртістері және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен  мәдени бағдарлама ұсынылады.

 

4846 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper