Анонс


Музейлердің қор сақтаушылары кездесу өткізді

Жұма, 29 Шілде 2016 01:32
Музейлердің қор сақтаушылары кездесу өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени корық-музейінде «Музейлерде жәдігерлерді сақтау ісіндегі мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қор сақтаушысы М.Даулетшина, Отырар мемлекеттік археологиялық музейінен қор сақтау және реставрация бөлімінің қызметкерлері Қ.Есіркепова, Н.Усаинов, облыстық өлкетану музейінен А.Ержігітова, тарихи мәдени этнографиялық орталықтың қор сақтаушысы М.Тұрсынбаева және музей қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында музейлердегі қор сақтау ісінде жәдігерлерді сақтау, қор сақтау ісінің ерекшеліктері, реставрациялық және консервациялық жұмыстарының атқарылу ауқымы жайлы мәселелер қозғалды. Өңірлік музейлерден келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушы музей қызметкерлері тарапынан бір ауыздан музей ісіне байланысты тақырыптарда  әр тоқсан сайын бас қосып отыруды  дәстүрге айналдыру жайында ұсыныстар айтылды.

 

5028 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper