Анонс


Ұлттық музей атыраулықтардың назарына 10 шедеврін ұсынды

Бейсенбі, 28 Шілде 2016 00:28
Ұлттық музей атыраулықтардың назарына 10 шедеврін ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры Атырау қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

Келушілердің назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3Д графикалық видеороликтері ұсынылды. Жергілікті тұрғындар Тәуелсіз Қазақстанның брендіне  айналған еліміздің ең құнды жәдігерлерінің бірегейі «Алтын адамды» тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, Ұлттық музей атыраулықтардың назарына 10 шедеврін ұсынды.

Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен іс-шара «Музейдегі түн» акциясына ұласты.

-  Біздің «Музейдегі түн» акциясын ұйымдас­тырудағы мақсатымыз – тәуелсіздіктің символы «Алтын адам» жәдігерін облыс халқы толық көрсе деген ниеттен туындаған. Сонымен қатар құрт, жент, диірменмен тартып, тарыдан талқан алу секілді ұлттық тағамдардың дайындалу тәсілін, әсіресе, жастарға көрсетіп, археология саласын қызық­тырғандар үшін қыш құмыра жасаудан шеберлік сабағын көрсету арқылы салт-дәстүрден алшақ­тамауды дәріптеу. Шараға  келушілерге арнап «сынақ» ойынын ұйымдастырып отырмыз. Мәселен, екі топқа бөлініп,  иінағашпен су тасу, ағаш үйді құру секілді қазақтың ептілігін, күштілігін айқындай­тын жайт­тардан сүрінбей өткендерге мұражайдың барлық жәдігерлер бөлмелерін аралап көруге, суретке түсу үшін тегін абонент беріледі, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова. 

Айта кетейік, «Ұлттық музей сенің қалаңда» акциясыағымдағы жылдың 27 маусымынан Орал, Ақтөбе қалаларынан бастау алып, қала тұрғындарының ықыласына бөленген болатын.

Мәдени тур Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен 3 күнге жалғасады.

5180 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper