Анонс


Шэньсидің мәдени мұралары Ұлттық музейге қойылды Таңдаулы

Дүйсенбі, 06 Маусым 2016 01:57
Шэньсидің мәдени мұралары Ұлттық музейге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы  Ұлттық музейінде «Ұлы  Жібек  жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» атты  көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көрме Қазақстандағы Қытай  Елшілігі, Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштер басқармасы, Шэньси провинциясы тарих музейі, Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштерімен алмасу орталығы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  

Көрменің басты ерекшелігі -  қазақстандықтарды Ұлы Жібек жолының бастау алған жерімен, сол сияқты ежелгі Қытай өркениетінің даму діңгегі болған  Шэньси провинциясының көне өркениетімен таныстыру болды.

Көрмеге   Қазақстан Республикасы Ұлттық музей директоры  Дархан Мыңбай, Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және  Өкілетті Елшісі Чжан  Ханьхуэй,  Шэньси провинциясының мәдени ескерткіштері провинциясының директоры  Жао Ронг  қатысты.

 «Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» атты көрменің ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай аталмыш көрменің маңыздылығына тоқталды.

Бүгін Ұлттық музейде  қытайлық әріптесім  Жао Ронгпен  2017-2018  жылдары   Ұлттық музейде «Император Цинь Шихуанди терракотты армиясы» және Шэньси провинциясында «Қазақстанның мәдени ескерткіштері» көрмесін өткізу үшін  екі жақты келісім-шарт жасадық,- деді Д.Мыңбай.

 «Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» көрмесі музей қонақтарына Шэньси провинциясының бірегейлігі туралы білуге мүмкіндік берді, сондай-ақ,  Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты алмасу мен мәдени мұра саласындағы ынтымақтастыққа ықпал жасады.  Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан  Ханьхуэй атап өтті:

Бүгінгі көрменің ашылуымен құттықтаймын! Қытай мен Қазақстан – ежелден  Ұлы Жібек жолы бойыда тамаша өркениетте өмір сүрді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Нұрлы жол» стратегиясын іске қосқанын білесіздер. Әрине, біз осы стратегиялық жолдауды қолдаймыз. Даму мен өркениетке бет алу үшін ең бастысы келісім керек,- деді Ч.Ханьхуэй.

Музей қонақтары Қытайдың көне провинциясы Шэньсидің сирек кездесетін мәдени жәдігерлерін, Ұлы Жібек жолы  және оның жандануын, Шэньси провинциясының ғылыми-техникалық, экономикалық және саяси жетістіктері туралы 130-дан астам фотосуреттерін тамашалады.

Көрме 30 маусымға дейін жұмыс істейді.

 

4013 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper