Анонс


АЛЖИР музейі Астанада көрме өткізеді

Сенбі, 28 Мамыр 2016 00:43
АЛЖИР музейі Астанада көрме өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

31 мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілген болатын. Осы орайда, 2016 жылғы 30 мамыр күні сағат 15.00-де «Астана» ұлттық сурет галереясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, ортақ құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық естеліктерді жаңғырту және тарихи тәжірибені өскелең ұрпаққа жеткізе отырып патриоттық, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Кездесу барысында «Астана» ұлттық сурет галереясының кітапханалық-зерттеу бөлімінің мамандары мен шақырылған қонақтар баяндама жасап, естеліктермен бөліседі. Сонымен қоса репрессияға ұшыраған суретшілердің шығармашылығы сөз етіледі. Кездесу аясында АЛЖИР музейінің экспонаттары қойылған көрме, саяси қуғын-сүргін мен репрессияға арналған кітаптар презентациясы ұйымдастырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54 (ҚР Ұлттық музейінің ғимараты, 6 блок, 9 қабат, конференцзал).

БАҚ өкілдеріне: Аккредиттеу кезінде журналисттің, фотограф немесе телеоператордың аты-жөнін, оның құрал-жабдықтары (диктофон, фото және телекамера) туралы ақпаратты берулеріңізді сұраймыз.

Журналистерді шараға аккредитациялау үшін баспасөз қызметіне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-09-24, +7 707 27 86 728, + 7 778 357 9778

7130 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper