Анонс


Астанада «өте құпия» грифінде болған құжаттар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады

Сенбі, 28 Мамыр 2016 00:34
Астанада «өте құпия» грифінде болған құжаттар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 2016 жылдың 30 мамырында сағат 16.00-де саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай құжаттық көрме ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге келушілер алғаш рет ҚР Ұлттық мұрағаты, ҚР Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы және ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қорларынан алынған «өте құпия» грифінде болған бірегей мұрағат құжаттарының түпнұсқаларымен танысуға мүмкіндік алады.

Бұл қазақ халқының келесі белгілі саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке құжаттары мен тергеу материалдары - А. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С.Аспандияров, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, О. Жандосов, Т. Жүргенов, Әбілқайыр Досов, Жұмат Шанин, Шахан Мусин, Әбубәкір Алдияров, Жұмағали Тлеулин, Тұрлыхан Хасенов, Алдажар Хасенов, Мұхтизар Титақов.

Көрмеге Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Қазақстандағы шетел елшіліктер өкілдері, сол жантүршігерлік оқиғалар құрбандары мен олардың туыстары, мұрағатшылар мен БАҚ өкілдері қатысады. 

4360 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper