Анонс


Астанада Санкт-Петербург жайлы көрме ашылады Таңдаулы

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 02:44
Астанада Санкт-Петербург жайлы көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада  «Петербург періштелер көзімен: Исаакийден көзқарас» және «Жаңа көзқарас. (New Vision)» көрмелері ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

«Назарбаев орталығы» Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Қорының ғимаратында 18 мамыр күні, сағат 15.30-да Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Қоры мен «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейінің арасында серіктестік және ынтамақтастық жайлы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Қол қою рәсімінен соңмүмкіндіктері шектеулі балалардың қатысуымен «Петербург Періштелер көзімен: Исаакийден көзқарас» фотосуреттер көрмесінің салтанатты ашылуы болады және Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, 19 мамыр күні 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде депутаттар мен дипломаттарға, шығармашылық көпшілікке арналған «Жаңа көзқарас (New Vision)»фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтеді және Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өнер көрсетеді.

 

Аккредитация үшін:  «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі».

тел: 75 12 15, 75 12 85,75 12 14,

E-mail: museum_08@inbox.ru

 

4423 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper