Анонс


ONLINE КУРС: 7-ЛЕКЦИЯ «Музейдің қор сақтау бөлмелеріне экскурсия»

Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 12:00
ONLINE КУРС: 7-ЛЕКЦИЯ «Музейдің қор сақтау бөлмелеріне экскурсия» KAZMUSEUM.KZ -  

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 7-видеолекциясын ұсынамыз.

Лекцияның тақырыбы: «Музейдің қор сақтау бөлмелеріне экскурсия». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің қызметкері Гүлзира Молдашева оқиды.

Ұзақтығы: 10 минут 13 сек.


Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 3 маусым күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2

Келесі лекция 2020 жылғы 3 маусым күнгі 15.00-де жарияланады.

Көпшіліктің сұрауымен Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі осы біліктілік арттыру курсын музей туризмі, көркемөнер заттарына анализ лекцияларымен толықтырды.  Курстың келесі шығарылымдары 3 маусым күнгі 15.00-де, 10 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де болады. Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.

2206 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper