Анонс


ONLINE КУРС: 5-ЛЕКЦИЯ «Ұлттық қолөнер бұйымдарын зерттеу ерекшеліктері»

Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 12:57
ONLINE КУРС: 5-ЛЕКЦИЯ «Ұлттық қолөнер бұйымдарын зерттеу ерекшеліктері» KAZMUSEUM.KZ -  

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 5-видеолекциясын ұсынамыз.

Лекцияның тақырыбы: «Ұлттық қолөнер бұйымдарын зерттеу ерекшеліктері». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің Қолөнер орталығының жетекшісі Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова оқиды.

Ұзақтығы: 15 минут 26 сек.


Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 27 мамыр күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Келесі лекция 2020 жылғы 27 мамыр күнгі 15.00-де жарияланады.

Көпшіліктің сұрауымен Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі осы біліктілік арттыру курсын музей туризмі, көркемөнер заттарына анализ лекцияларымен толықтырды.  Курстың келесі шығарылымдары 27 мамыр күнгі 15.00-де, 3 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де, 10 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де болады. Соңғы екі курс кезінде 2 лекциядан ұсынылады. Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.

ЕСКЕРТУ: Online курсқа тіркеу қазіргі уақытта аяқталды. Сондықтан тіркелуге арналған №1 сауалнаманы жібермеулеріңізді сұраймыз.

2447 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper