Анонс


Музей мамандары үшін біліктілік арттыру курсы өтеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020 03:57
Музей мамандары үшін біліктілік арттыру курсы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі 2020 жылғы 29 сәуір мен 3 маусым аралығында kazmuseum.kz сайтында музей мамандары үшін online тәртіпте біліктілік арттыру курсын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Біліктілік арттыру курсының мақсаты – музей мамандарының кәсіби деңгейін көтеру және жұмыс барысында кездесетін сұрақтарына жауап алуына жәрдемдесу.


Видео-лекция түрінде өтетін курс төмендегідей бағыттарды қамтиды:
1) Музей заттарын есепке алу және топтастыру;
2) Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және есепке алу ерекшеліктері (29 сәуір);
3) Музей заттарының сақталуын қамтамасыз ету және сақтау шарттары. Қор сақтау тәртібі;
4) Музейдің ғылыми-зерттеушілік қызметі;
5) Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің инклюзивті жобалары.
(Ескерту: видео-лекция жоғарыдағы ретімен жарияланбауы мүмкін).


Курс 29 сәуір, 6 мамыр, 13 мамыр, 20 мамыр, 27 мамыр күндері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де kazmuseum.kz сайтында видео-лекция түрінде жарияланады. Видео-лекция сайттың бастапқы бетіне орналастырылады.


Қатысуға тілек білдірушілер №1 қосымшаға сәйкес, сауалнама жауаптарын 2020 жылғы 29 сәуір күнгі сағат 21.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдауы тиіс. Ұйымдастырушылар сауалнаманы өңдеп, қатысушылар тізімін жасайды.


Қатысушылар әр сәрсенбі сайын, видео-лекцияны тыңдаған/көрген соң Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-ге дейін №2 қосымшаға сәйкес, видео-лекцияға қатысқандығын растайтын сауалнаманы infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдайды. Осы №2 қосымшаға сәйкес, мамандардың видео-лекцияны қаншалықты меңгергендігі анықталады және курсқа тұрақты түрде қатысып жүргендігі расталады.


Курс толық аяқталған соң, ұйымдастырушылар 2020 жылғы 1 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін қатысушылардың электронды поштасына 20 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын жолдайды. Қатысушылар тест сұрақтарының жауабын 2020 жылғы 2 маусым күнгі 15.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдауы тиіс. Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен жауаптар қаралмайды.

Курстың қорытындысы 2020 жылғы 3 маусым күні kazmuseum.kz сайтында жарияланады. Тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі сертфикаттар тапсырады.

 

 Қосымша №1

 

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің online тәртіпте өтетін біліктілік арттыру курсына қатысушының сауалнамасы

 

1

Аты-жөні (құжат бойынша)

 

2

Жұмыс орнының толық атауы

 

3

Лауазымының толық атауы

 

4

Еңбек өтілі

 

5

Электронды поштасы

 

6

Телефон номері

 

 

 

 Қосымша №2

 

Қатысушының сауалнамасы

1

Қатысушының аты-жөні

 

2

Видео-лекцияның атауы

 

3

Видео-лекциядан Сіз не үйрендіңіз? (3-7 сөйлем)

 

4

Видео-лекцияда айытылғандарды алдағы уақытта жұмыс барысында қалай қолдануыңыз мүмкін? (3-7 сөйлем)

 

 

 Бұл сауалнаманың жауабын 29 сәуір, 6 мамыр, 13 мамыр, 20 мамыр, 27 мамыр күндері сағат 21.00-ге дейін жіберуді ұмытпаңыз.

 

2990 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper