Анонс


Музей қызметкерлерін Нью-Йоркте тәжірибеден өтуге шақырамыз

Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2015 11:29
Музей қызметкерлерін Нью-Йоркте тәжірибеден өтуге шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

Нью-Йорк қаласының заманауи өнер музейі (МоМА) студенттерді (бакалавр, магистр және аспиранттар), сонымен қатар, жас мамандарды  тағылымдамадан өтуге шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей сайтына сілтеме жасап.  

Музей әр маусымда жұмыс істеу үшін 30 адамды қабыладайды. Олар келесі департаменттерде жұмыс істейді:

— кураторлар бөлімі;

— білім беру және зерттеу бөлімі;

— көрме және музей топтамалары бөлімі;

— жобалар мен қосымша белсенділік бөлімі;

—маркетинг және коммуникация бөлімі;

— әкімшілік бөлімі;

—ритэйл бөлімі.

Музейге аптасына үш рет сағат 9:30 бен 17:30 аралығында келу керек. Бағдарлама 12 аптаға созылады.

Үміткерлер релеванттық тәжірибе немесе білімімен қатар, ағылшын тілін меңгеруі тиіс (TOEFL нәтижесі талап етілмейді). Музей шетелдік студенттерге J-1 (training visa) визасын рәсімдеуге көмектеседі.

Өтініш жасау үшін:

 анкета толтыру;

— түйіндеме;

— эссе;

— кепілдеме хаты;

— университетте өткен курстар тізімі;

— дизайнерлік жұмыстар үлгісі (графикалық дизайн, ритейл немесе маркетинг департаментінде жұмыс істеуді қаласаңыз).

Құжаттарды байланыста көрсетілген электронды мекенжайға жіберу қажет. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен үімткерлерге телефон арқылы сұхбат белгіленеді.

Құжаттар мен бағдарламалар жөніндегі толық ақпаратты осы жерден алуға болады.

Тағылымдама 2016 жылдың 26 қаңтары мен 15 сәуірі аралығында өтеді. Өтініштер 23 қазанға дейін қабылданады. Нәтижесі 14 желтоқсан күні жарияланады. 

3595 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper