Анонс


Музей қызметкерлеріне арналған стипендиялар ұсынады

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:38
Музей қызметкерлеріне арналған стипендиялар ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

Берлин мемлекеттік музейлерінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін сұраным қабылдау басталды.  Бағдарлама әлемнің жас және дарынды  мамандары арасындағы музей ісі жөнінде  тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған.

Ұйымдастырушылар  Германия астанасында  1-3 ай аралығында тұратын орын және айына  900-1200 еуро аралығында ( ғылыми дәрижесіне қарай)  шәкіртақы ұсынады.  Сонымен қатар мемлекеттік музейлердің біріккен қорындағы электронды ресурстармен  жұмыс істеуге де мүмкіндік бар.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

-          Бакалавр дәрежесінің болуы;

-          Германиядан  басқа елдің азаматтығының болуы .

Байланыс үшін: E-mail: forschung@smb.spk-berlin.de

Tel.: +49 (0)30 / 266424242 (Mon - Fri 9 am - 4 pm)
Fax: +49 (0)30 / 266422290

 

 

 
4630 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper