Анонс


Еліміздің музей қызметкерлері Эрмитажда тағылымдамадан өтеді

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 19:14
Еліміздің музей қызметкерлері Эрмитажда тағылымдамадан өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстандағы музей қызметкерлері Мемлекеттік Эрмитажға  (РФ) ғылыми тағылымдамаға барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдени институтының бас директоры Андрей Хазбулатов мәлім етті.

Белгілі болғандай, биыл ҚР Ұлттық музейі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдени институты және Мемлекеттік Эрмитаж арасында үшжақты келісімге қол қойылды. Бұл Ресейдің ірі музейлерінің бірімен бекітілген ұзақмерзімді алғашқы келісім болып табылады, деп жазады inform.kz

«Осының аясындағы ынтымақтастық бағдармасына тарих, мәдениет, археология, музейтану мен қалпына келтіру салаларындағы қызметкерлердің ғылыми тағылымдамасы қамтылып отыр»,-деді Хазбулатов.

Сонымен қатар аталған келісім аясында ғылыми конференциялар, семинарлар, дәрістер мен көрмелерді өткізу жоспарланып отыр. 

2292 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper