Анонс


Абай музейі мерейтойлық сайыс өткізді

Сәрсенбі, 29 Сәуір 2015 21:09
Абай музейі мерейтойлық сайыс өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі «Абайды оқы, таңырқа...» атты V аймақтық білім сайысын өткізді. Сайысқа қала және қала маңындағы және облыстық мектеп оқушылары қатысты. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және насихаттау мақсатында өткен «Абайды оқы, таңырқа...» аймақтық білім сайысының ашылу салтанатын Абай қорық-мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ашып, қазылар алқасының төрағасы Т.Қабышев сайыскерлерді құттықтап, сәттілік тіледі, әншілер әнмен шашу шашты. 
«Абай - дана, Абай - дара» атты ой толғау жазу, «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тестін тапсыру және «Талап қыл артық білуге» деп аталатын билет сұрақтарына жауап беру кезеңдерін қамтыған сайысқа 70 оқушы жұмыстарын өткізген болатын. Олардың 49-ы екінші айналымға өтіп, қорытынды бойынша 1-орынды №27 мектеп оқушысы А.Закария, екінші орынды №15 орта мектеп оқушысы Б.Төлеубаев және №37 гимназия оқушысы А.Айбек, үшінші орынды №15 орта мектеп оқушысы З.Қадылбекова және №27 мектептен Б.Мейрамгалиева иеленді. 
Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

2614 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper