Анонс


Ғылыми-тәжірибелік конференция: «Дүние жүзі халықтарындағы ішекті аспаптардың шығу тегі және даму барысы»

Бейсенбі, 25 Тамыз 2022 17:00
Ғылыми-тәжірибелік конференция: «Дүние жүзі халықтарындағы ішекті аспаптардың шығу тегі және даму барысы» KAZMUSEUM.KZ -  

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі «ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ІШЕКТІ АСПАПТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ДАМУ БАРЫСЫ» атты халықараларық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

КОНФЕРЕНЦИЯ БАРЫСЫ ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАРДЫ ҚАМТИДЫ:

  • Әлем халықтары ішекті аспаптарының тарихы және музыкалық мұра мәселелері;
  • Ішекті аспаптарда ойнау тарихы: дәстүр және жаңашылдық;
  • Оқу орындарындарындағы ішекті аспаптарда ойнауды үйрету әдістерін жүйелеу;
  • ҚР және әлем музейлері қорындағы ішекті музыкалық аспаптар: олардың сақталу және зерттелу деңгейі.

Конференцияның өтетін мерзімі: 21 қазан 2022 ж., 11:00.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін баяндамалар 2022 жылдың 21 қыркүйегіне дейін imeniykhlasa@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.

Материалдар жинағы авторларға конференция күні тегін таратылады.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан.

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Көлемі – 5-7 беттен аспайтын, MS Word форматында, А4;

2. Сол жақ жиек – 3 см, оң жақ жиек – 2 см, үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт  интервал; азат жол – 1 см;

3. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері, ұялы байланыс номері және e-mail көрсетіледі. Бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты және аннотация беріледі. Аннотациядан кейін кілт сөздер жазылады.

4. Мақала мәтіні кілт сөздер соңынан екі интервалдық аралықтан кейін беріледі.

5. Беттерге нөмір қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде, әдебиет қолдану реті бойынша беріліп, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады. Библиографиялық сипаттамасы әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт. Көрнекіліктер JPEG форматында берілуі тиіс.

Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты.  Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін және жоғарыда көрсетілген күннен кейін жіберілген жұмыстарды қабылдамауға құқылы.

  

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 

Аты-жөні (толық)

 

Мекеменің аты (толығымен)

 

Қызметі

 

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық поштасы

 

Автордың мекен-жайы

 

Баяндамаға қажетті құралдар (проектор және т.б.)

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков көшесі 24/А, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Сұрақтар мен ұсыныстарды төмендегі жауапты қызметкерлерге жолдауларыңызға болады. 

Жұмыс тел.: 8 (727) 248 40 71

 

Ахметов Ахмет Ахметұлы

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Ғылыми қызметкер

Алматы

8 777 777 77 77

imeniykhlasa@mail.ru

 

ДОМБЫРА АСПАБЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 

Аннотация

***

*** 

Кілт сөздер: ***

Мақала мәтіні *****

*****

***** [1, 25 б.]. ***

 Әдебиеттер

  1. Самашев З. Музыканты древнетюркской эпохи Казахского Алтая // Мәдени мұра. – 2014. – №5 (56). – 29–41 бб.
  2. Пфенниг Р.А. «Музыкальные инструменты народов Средней Азии и Казахстана». – 1885. – С. 225
  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/

           

2262 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper