Анонс


Музей мамандарының «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді Таңдаулы

Дүйсенбі, 20 Маусым 2022 21:55
Музей мамандарының «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады. Конференция биыл «Жаңа Қазақстанның музейі: зерттеулер, тәжірибе, перспективалар» тақырыбында өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kzсайты.

Конференция әлемдегі қарқынды өзгеріс жағдайындағы мәдени мұраны дамыту және сақтау мүмкіндіктерін талқылайтын пікірталас алаңына айналуды көздейді. Пандемиядан кейінгі жағдай, сыртқы саясаттағы тұрақсыздық, мәдени мұралардың өзектілігін арттыру және қоғамның рухани жаңғыруы өзгерістерді талап етеді. Бұл іске музей де қатысып, қоршаған ортадағы іс-қимылдарға өзінің жауабын беруі тиіс. Сала мамандары үшін бұл конференция музей ісінің теориясы мен практикасын, өнертанудың өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынуға, өңірлік көркемсурет мектептерінің дамуы мен қазіргі заман суретшілерінің шығармашылығы жайлы пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Конференция 2022 жылғы 20 қазан күні сағат 10.00-18.00 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.

Конференция мақсаты – қазіргі замандағы даму контексінде мәдени мұраны зерттеу, сақтау және дәріптеу миссиясын жүзеге асырудағы музей қызметінің тиімділігін арттыру үшін ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсету.

Конференцияның міндеттері:

- Музей ісінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талқылау

- Өнертану теориясы мен тарихының проблемалары

-Қазақстан бейнелеу өнерінің даму парадигмасын ұғыну (Тәуелсіздік кезеңін қоса алғанда)

- Мәдени және көркемдік мұраны зерттеу мен жандандырудың тиімді әдістерін іздестіру

- Музей практикасындағы интерактивтік және ақпараттық технологиялар

- Музей коллекциясын ғылыми зерттеудегі жаңалықтар

- Музей мекемелерін дамытудағы инновациялық қызмет

Конференция жұмысының бағыттары: музейтану, мәдениеттану, өнер тарихы, өнер философиясы, музей педагогикасы.

Конференцияға қатысуға шақырылатындар:

Музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік ЖОО оқытушылары, аспиранттар, магистранттар.

Негізгі мәселелер:

-      Қазақстан бейнелеу өнерінің эволюциясы (Іргесі қаланғанан бүгінгі күнге дейінгі)

-      Заманауи көркемдік процестің стиль жасаушы үрдістерін талдау

-      Қазақстан бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихының проблемалары мен үрдістері

-      Заманауи көркемдік процестегі дәстүрлер мен инновациялар.

Конференцияны ұйымдастырушылар конференцияның басталуына дейін мақалалар жинағын бастырып шығаруды ұйғарды. Қатысу үшін өтінімдеріңіз (үлгісі қосымшада) бен мәтіндеріңізді 2022 ж. 12 қыркүйектен кешіктірмей жіберулеріңізді сұраймыз. Айтылған күннен кешіксе, мәтіндер қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті конференцияның ғылыми деңгейіне немесе тақырыбына сәйкес келмесе, жариялау үшін материалды қабылдамауға құқылы.

Жариялаған кезде авторлық редакция сақталады. Мазмұны мен жіберілген қателер үшін автор жауап береді. Мәтінді рәсімдеуге қойылатын талаптардың бәрін сақтауды өтінеміз.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Редакцияланған мәтін Word, Times New Roman мәтіндік редакторында орындалады, қаріп 14, тасымалсыз, жол аралығы – 1, жиектері – 2,0. Мәтін көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Мәтінге жалпы саны 6-дан аспайтын иллюстрация қосуға болады.

Парақтың оң жақтағы жоғарғы бөлігінде – ТАӘ (толығымен), қызмет орны, атағы, ғылыми дәрежесі. Баяндаманың атауы дәл ортасында жазылады. Мақала резюмесі негізгі мәтін тілінде жазылуы тиіс (100 сөзге дейін). Соңына жазылатын сілтемелер дереккөз бен беттің реттік нөмірі арқылы көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер сілтемелерді рәсімдеуге бекітілген талаптарға сәйкес мәтіннің соңына орналастырылады.

Басқа қаладан келетін мамандар қатысқан жағдайда іссапар шығындары жіберуші Тараптың есебінен өтеледі.

Қатысу үшін өтінім мен материалды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

050040 Алматы, Көктем-3, 22/1 немесе электрондық пошта арқылы

Жоба үйлестірушісі: Екатерина Резникова, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ғылыми хатшысы

Тел.:  +7 (727) 394-57-05

E-mail: reznikat@yandex.ru                      

Факс: +7 (727) 394-55-19 

1 қосымша

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Тегі, аты, әкесінің аты  (толығымен)________________

Қызмет орны_____________________________________

Лауазымы________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы___________________________

Баяндаманың тақырыбы __________________________

 Мекенжайы_______________________________________

Телефон, факс_____________________________________

E-mail____________________________________________

Баяндама тақырыбы______________________________

 

1783 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper