Анонс


Алматы қаласы музейлер бірлестігі жастар арасында конкурс жариялады

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 15:17
Алматы қаласы музейлер бірлестігі жастар арасында конкурс жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласы музейлер бірлестігі 2021 жылғы 31 тамыз мен 17 қыркүйек аралығында Алматы қаласының студенттері мен жастары арасында «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» атты онлайн-конкурс ұйымдаcтырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқаудың басты мақсаты – Алматы музейлерін қала тарихымен байланыстыра отырып насихаттау, Алматы қаласы жастарының шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқауға демеуші болған "Ай Продакшн" компаниясы атынан соңғы үлгідегі Iphone, Samsung смартфондарымен марапатталады. Толық ақпаратты төмендегі номер арқылы ала аласыздар: 8(727)267-59-05

Алматы қаласы күніне орай өтетін «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» байқауының ережесі

 

1. Жалпы ережелер 

1.1. Осы Ереже Алматы қаласы күніне орай студенттер мен жастар арасында ұйымдастырылып отырған «Мен Алматы тарихын білемін» байқауын өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.2. Байқауды ұйымдастырушы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК (бұдан әрі – Бірлестік).

1.3. Байқау қатысушылары Бірлестік музейлерінің экспозициялық залдарынан видеоролик түсіреді. 

 

2. Байқаудың мақсаттары 

2.1. Алматы музейлерін қала тарихымен байланыстыра отырып насихаттау.

2.2. Алматы қаласы студенттері мен жастарын қаламыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық және патриоттық сезімін қалыптастыру.

2.3. Креативті жастардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету.

 

3. Байқаудың міндеттері 

3.1. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау.

3.2. Музейлерді жарнамалаудың креативті тәсілдерін анықтау.

3.3. Жастар арасында музей қызметіне қызығушылықты арттыру.

3.4. Көпшілік арасында музей ісін насихаттау.

 

4. Қатысушылар 

4.1. Байқауға Алматы қаласының студенттері мен жастары (17-25 жас аралығы) қатыса алады.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары 

5.1. Конкурс 2021 жылғы 31 тамыз бен  17 қыркүйек аралығында (31 тамыз бен 14 қыркүйекке дейін – материалдарды қабылдау).

5.2. Конкурс онлайн форматта өтеді, материалдар (тақырыптық бейнеролик, қатысушы туралы мәліметтер – жеке мәліметтер, оқу және жұмыс орындары) электрондық поштаға жіберіледі almaty-museum@mail.ru.

5.3. Қатысушы туралы мәліметтер бір А4 парақтан аспайтын көлемде толтырылады, WORD форматы, Times New Roman қарпі, 14 кегль, қатысушының фотосуреті қоса беріледі.

5.4. Қатысушылар «Алматы музейі», Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің кез келген экспозициялық залы туралы 3 минуттық тақырыптық бейнеэкскурсия немесе Бірлестікке қарасты тұлғалық музейлерде (Ғ. Мүсірепов пен С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музейі, Д. Қонав музейі, Н. Тілендиев музейі) экскурсиялық шолу жасап, 2021 жылдың 14 қыркүйегі, сағ. 18.00-ден кешіктірмей электрондық поштаға жіберуі тиіс.

5.5. Қатысу жарнасы 2000 тг. Жарна арнайы билет сатып алу арқылы төленеді.

5.6. Байқау комиссиясы 2021 жылдың 16 қыркүйегіне дейін 1, 2 және 3 орын алған қатысушыларды анықтайды. Тағы бір жүлдегерді – «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесінің иегерін байқау ұйымдастырушысы анықтайды.

5.7. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2021 жылы 17 қыркүйек күні өтеді.

5.8. Конкурсқа материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

6. Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар 

6.1. Смартфонға түсіру кезінде ролик көлденең түсірілуі тиіс. Ұзақтығы 3 минуттан аспайды. Бейнероликте қатысушының толық аты-жөні, тақырыбы титрмен жазылуы міндетті.

 

7. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері 

7.1. Регламентті сақтау.

7.2. Тақырып мазмұнын толық ашу.

7.3. Шығармашылық ізденіс, креатив.

7.4. Материалды ұсыну және жеткізу формасы.

7.5. Сөйлеу мәдениеті.

7.6. Бейнероликке қойылатын талаптар:

• бейнематериал сапасы;

• дыбыс сапасы

7.7. Жалпы баға онлайн-конкурстың ең жоғары ұпай жиынтығынан шығады.

 

8. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау, жүлде қоры 

8.1. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

8.2. Конкурс жүлдегерлеріне диплом, естелік белгі, бағалы сыйлық тапсырылады.

8.3. Байқау қорытындысы әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылдың 19 қыркүйегінде жарияланады.

8.4. Қорытынды шығаруды, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орнын ұйымдастыру комитеті анықтайды.

8.5. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге келесі сыйлықтар қарастырылған:

1 орын үшін – Iphone 12 Pro 128 Gb

2 орын үшін – Samsung Galaxy S20 FE 128 Gb

3 орын үшін – Samsung A52 128 Gb

«Жеңіске деген жігері үшін» (2 орын) – Samsung A22 128 Gb

 

9. Байланыс ақпараты

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

«Алматы Музейі»

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132

e-mail: almaty-museum@mail.ru

Байланыстелефондары: 8 (727) 2675905, +7778822446, +77021941306.

 

 

 № 1 қосымша

 

«Мен Алматы қаласының тарихын білемін»

байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

 

 

1. Автордың аты-жөні

__________________________________________________________________

 

2. Автор туралы мәлімет:

 

Жасы _____________________________________________________________

 

Білімi _____________________________________________________________

 

3. Экскурсия тақырыбы (конкурстық жұмыс)

________________________________________________________________

4. Жұмысқа қысқаша аннотация

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

5. Байланыс (телефон, электрондық пошта)

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

Осы өтінім «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» байқауына қатысуға келісімін және байқау шарттарымен келісетіндігін растайды.

 

Осы өтініммен ұсынылған конкурстық жұмыс жаңадан жасалған туынды болып табылатыны және басқа автор (авторлар) жасаған туындының көшірмесі еместігі расталады.

________________________________________________________________

(Толық аты-жөні)

«____» _____________ 20__ жыл

 

Қолы ____________________

 

1317 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper