Анонс


«ІІ Есік оқулары» халықаралық конференциясына шақырамыз

Сейсенбі, 03 Тамыз 2021 20:10
«ІІ Есік оқулары» халықаралық конференциясына шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Қазақстан, Есік қ.) 2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары тақырыптағы «ІІ Есік оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция нәтижесінде мақалалар жинағын шығару жоспарланған.   Конференцияға қатысу тегін. 

Конференция тақырыптары:

  1. Еуразия далалық белдеуіндегі сақ-үйсіндердің, ғұндар мен сарматтардың әлеуметтік және саяси тарихы: алғашқы мемлекеттіліктің қалыптасу проблемаларын теориялық тұрғыдан мәнін түсіну мәселелері,  б.з.д. І мыңжылдығының жартысы мен б.з. І мыңжылдығы дәуірінің ескерткіштерін далалық зерттеу мәселелері, археологиялық деректердің интерпретациясы. 
  2. Ежелгі дәуір археологиясы бойынша жаңа мәліметтер: тас және қола дәуірі, археологиялық зерттеулердің негізгі нәтижелері. Бейнелеу ескерткіштерінің, жартастар гравюрасының, археозоологиялық, анторопологиялық, нақты ғылымдар әдістері, трасология және т.б. зерттеу әдістері.    
  3. Ортағасырлар мен Жаңа уақыт археологиясының өзекті мәселелері. Археологиялық дереккөздерді зерттеу: далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, керамика, нумизматика, торевтика, зергерлік іс, ұсталық өнерге талдау жасау. Түрік мемлекеттігінің генезисін реконструкциялау мәселелері: белгілер мен жазбаша деректер.
  4. Туған өлкені зерттеу: тарихи-мәдени мұра ескерткіштері, топономика мәселелері, ескерткіштердің кеңістіктік-географиялық орналасуы, табиғатты пайдалану және тіршілікті қамтамасыз ету мәдениеті; таңба – белгілер, эпиграфиялық мұра.
  5. Археология ғылымының тарихынан: экспедициялар, тұлғалар: ұстаздар, әріптестер, жаңа ашылымдар, мерейтойлар.
  6. Далалық және қалалық озаистердің материалдық тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, пайдалану және насихаттау мәселелері. Музейлер мен мұра объектілерінде музей ісін, танымдық туризмді дамыту. Мәдени ландшафттар мұра объекті ретінде. 

 

Қатысу үлгісі:

1. Онлайн-конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (видеоконференция режимінде);  

2. Конференция материалдары жинағындағы мақала авторы ретінде қатысу.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференцияға қатысу талабы:

  Конференцияға қатысу үшін өтінішті толтырып оны esikoqulary@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу керек. Қазақ және орыс тілдеріндегі баяндамалар мен мақалаларды 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жіберу қажет. Ағылшын тіліндегі баяндамалар мен мақалалар 1 қыркүйекке дейін жіберілгені дұрыс.

     2021 жылдың 1 қарашасына дейін  өтініш беруші өз өтінішінің жағдайы туралы хабарландыру алады. Баяндама конференцияға қатысуға жарамды деп табылған жағдайда қатысушыға конференцияны өткізу реті мен бағдарламасы, конференцияға қосылу сілтемесі жіберіледі.

Қосымша ақпаратты конференция ұйымдастырушыларынан алуға болады: Досым Зікірия +7 707 7537878

 

Мақаланы рәсімдеуге арналған талаптар

    Жарияланатын материалдар электронды түрде қабылданады. Көлемі –  анықтамалық аппаратты қосқанда 10 беттен аспауы тиіс; баспа және электронды нұсқалар – MS Word мәтіндік редакторда,  RTF, DOC түрінде, қәріп түрі – Times New Roman, 14-кегль, жоларалық өлшем – 1, 15 пт.

          Жоғарыдан – 2 см, оң жақтан – 1,5 см, сол жақ пен төменгі жақтан – 2,5 см, қалуға тиіс. Төменгі колонтитулдан - 1,8 см. Азат жол 1 см болуға тиіс (азат жол түрінде орындалатындықтан аралық қолданбауларыңызды сұраймыз).

  • 1-ші жолда – автордың аты-жөні жазылады. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен белгіленеді.
  • 2-ші жолда – автордың тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Оң жақтан басталып қарайтылмаған әріптермен белгіленеді.   
  • 3-ші жолда – автордың е-mail байланысы көрсетіледі. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен белгіленеді.  
  • 4-ші жолда – Баяндама тақырыбы бас әріптермен беріледі. Қарайтылған әріптермен бөліне отырып, ортада жазылады.  

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Е.А. Джасыбаев

 

Қазақстан Республикасы, Алматы обл.,  Есік қ.

ormik80@mail.ru

 

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

Ххххххх хххххххх хххххххххх хххххххххххх. Хxxxxx ххххххх ххх хххх xxxxx. Хxxxххxx xххxxxххххх ххххх ххххххххх ххх xxxxxx xxxxxxxxx xxxxxxx xxx.

Әдебиеттерге сілтеме мәтінде аты-жөні, жарық көрген жылы, беттері көрсетіліп жартылай шеңбер түріндегі жақша түрінде беріледі. Мысалы: (Джасыбаев-Төлегенов, 1966,  15 б.). Әдебиеттер тізімі мәтін соңында әліпбилік ретпен рәсімделеді. 

Кескіндер мен суреттер jpeg немесе tiff үлгісінде, 300 dpi көлемінде, электронды түрде ұсынылуға тиіс. Суреттер мен фотоға берілетін жазбалар Word үлгісінде жеке файл арқылы рәсімделеді. 

Мақала соңында түйіндеме беріледі. Қазақ тіліндегі мәтінге орыс және ағылшын тілдерінде, орыс тіліндегі мәтінге тиісінше қазақ және ағылшын тілдерінде түйіндеме жазылады. Шетелдік авторлар түйіндемесін орыс және ағылшын тілдерінде (қазақ тіліне редакцияда аударылады) жібере алады. 

Түйіндемедегі автор(лар)дың тегі мен инициалы, мақала тақырыбы мен мәтінінің көлемі 10 жолдан (қәріп көлемі 12 кегль) аспауы тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің баяндамаларды іріктеу мен редакциялауға құқылы. Талапқа сай рәсімделмеген материалдар қаралмайды.

 

«Есік оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысушының 

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Аты-жөні___________________________________________________
Елі, қаласы_________________________________________________
Жұмыс орны (ұйымның толық және қысқартылған атауы)_________

Қызметі____________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________
Баяндама тақырыбы__________________________________________
Пошта мекен-жайы (индексімен)________________________________
E-mail_______________________________________________________
Халықаралық байланыс коды көрсетілген байланыс телефоны,

факсы_____________________________________________

Қатысу түрі  - тыңдаушы, баяндамашы, мақала авторы (керектісін белгілеңіз)

 

2353 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper