Анонс


Қазақстан музей ісінің үздіктері белгілі болды («Рухани қазына-2021» фестивалінің қорытындысы)

Сәрсенбі, 19 Мамыр 2021 01:33
Қазақстан музей ісінің үздіктері белгілі болды («Рухани қазына-2021» фестивалінің қорытындысы) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2021» фестивалінің қорытындысы жарияланып, музей, кітапхана және клуб ісіндегі үздіктер анықталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға музей ісі бойынша үздік атанған мекемелер мен қызметкерлердің тізімін ұсынамыз.

Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры, профессор Нұрсан Әлімбай, қазылар алқасының мүшелері: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, «Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаева, Kazmuseum.kz сайтының бас редакторы, музеология магистрі Нұрсерік Жолбарыс, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Айбек Сыдықов үміткерлердің құжаттары мен бейнематериалдарын қарай келе, төменде аталған үміткерлерді номинацияларға лайық деп тапты:

«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетау музейі;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына Алматы облысындағы Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі;

«Үздік әдебиет музейі» номинациясына Павлодар облысының Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі;

«Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлық» (музей ұйымдары арасында) номинациясына Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі;

«Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына Ақмола облысы, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Бурабай тарихи-өлкетану музейі және «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейі;

«Үздік мемлекеттік музей сайты» номинациясына Ақмола облысы,  «Мәлік Ғабдуллин музейі;

«Үздік музейлік онлайн жоба – 2021» номинациясына Қарағанды облысы, «Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі;

«Балаларға арналған үздік музейлік онлайн жоба – 2021» номинациясына Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы;

«Музейдің үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2021» номинациясына Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі (ғылыми қызметкер Омарова Айгуль Саулетовнаның жобасы);

«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясына Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы  Ерсаев Мирболат Бижанович;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясына Алматы облысының «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Ибрайымжанов Қали Тұрдықазықұлы;

«Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентіндегі М.Төрегельдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің қызметкері Үрзия Қапарова;

«Музей ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры» номинациясына Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық тарихи-археологиялық музейінің ғылыми қызметкері Эльвира Мұхамедина;

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» (музей ұйымдары арасында)  номинациясына Ақмола облысындағы Мәлік Ғабдуллин музейі лайық деп танылды.

Фестиваль ұйымдастырушысының арнайы мерейтойлық сыйлығы Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейіне берілді.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды (облыстық музейлер үшін 1 000 000, аудандық музейлер үшін 500 000, қызметкерлер 500 000, номинациялар үшін 300 000 – 500 000 теңге).

 

KAZMUSEUM.KZ: Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыға музей ісіндегі қалтықсыз қызметі үшін алғыс білдіреміз!

2199 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper