Анонс


Профессор Мадияр Елеуовтың мерейтойына арналған далалық семинар өтеді

Жұма, 26 Ақпан 2021 16:21
Профессор Мадияр Елеуовтың мерейтойына арналған далалық семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық далалық семинары өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Далалық семинарды өткізу уақыты мен орны:

2021 жылғы 7-8 мамыр

Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласы

Халықаралық далалық семинар аясында:

* Ортағасырлық Ақтөбе қаласына бару және қазба нысандары бойынша экскурсия;

* Ортағасырлық Ақтөбе қаласынан табылған заттардың көрмесі;

* Археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуовтың 75 жылдық мерей тойына арналған «Ғалым жолы» атты фото көрмесі;

* Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңыздылығына арналған дөңгелек үстел.

Семинар жұмысына қатысу үшін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін (қоса санағанда) толтырылған өтінім нысанын және баяндама мәтіндері төмендегі e-mail-ге қабылданады: eleuovconf@mail.ru

Семинар соңында мақалалар жинағы шығып, arheology.kz сайтында жарияланады.

Мәселелерді келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда:

* Еуразияның ежелгі және ортағасырлық қалалық мәдениеті;

* Ұлы Жібек жолы және Қазақстан;

* Қазақстандағы керуен жолдары;

* Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық урбанизациясы;

* Көрнекті археологтар туралы естеліктер мен ойлар;

* Археологиялық экспедициялардың далалық материалдары;

* Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музейлендіру әдістері.

Студенттер мен магистранттардың мақалалары, оның ішінде зерттеушілермен бірлескен авторлық жұмыстары қабылданбайды.

Қатысушылардың шығыстары келетін тараптың есебінен қаржыландырылады.

 

МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Көлемі 15 бетке дейінгі баяндама мәтіндері (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазулар) *.doc,*. docx. форматтағы файл түрінде ұсынылуы тиіс.. Times New Roman қарпі 12 кегль; интервал – бір; жиектері: жоғарғы және сол жақ 3 см, оң жағы 1,5 см, сол жағы 2,5 см. Қызылжол аралығы: 1 см.

Иллюстрациялық материалдар мен олардың жазулары жеке файлдар мен жіберіледі. 8 данаға дейін jpg немесе tiff форматында 300 dpi кем емес рұқсаты бар сызбалар мен иллюстрациялар қабылданады. Мәтіндегі суреттер мен кестелерге сілтемелер дөңгелек жақша да келесі үлгі бойынша беріледі (сурет. 1, 3; 2, 4), (кесте. 1).

Мақала мәтіні бірінші жолдың оң жақ шетінде автор (аты-жөні, жұмыс орнының толық атауы, қала және ел, автордың (авторлардың) электрондық поштасы, мақала атауы қалың қаріппен жазылады. Бұдан әрі, 1 интервал аралықтан кейін – қызыл жолдан мақала мәтіні беріледі.

Әдебиетке сілтемелер мәтінде жақша ішінде (тегі, шыққан жылы, беті) жазылады. Мысалы, (Самашев, 2011, С.15-20).Ұжымдық жұмысқа сілтеме жасалған жағдайда авторлардың алғашқы үштегіне дейін көрсету қажет (Марғұлан, Ақышев, Қадырбаев және т.б., 1966, 97-б.).

Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында алфавиттік тәртіппен ресімделеді. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Зерттеулерді қаржыландыру (егер бар болса) туралы ақпарат (қорды көрсету, грант № және оның атауы) әдебиеттер тізімінен кейін жазылады.

Баяндама соңында ағылшын тілінде аннотация беріледі. Аннотацияға автордың/авторлардың аты-жөні, мақала атауы (жазылмаған) және көлемі 300 сөзден аспайтын (кем дегенде 150) мәтін кіреді. Егер мақала ағылшын тілінде болса, аннотация қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.

Қажет емес: таблицияны жүргізу; сөздерді разряд пен бөлу (сөздер арасында, белгілер арасында тек бір бос орын болуы керек); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке сілтемелер, ерен сілтемелер мен ескертулер, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді шаблон түрінде сақтау және «тек оқу үшін" орнату»; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі түрде ауыстыру. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ жүйесіне сәйкес келуі тиіс.

Семинар тақырыбына сәйкес келмейтін және талаптарға сәйкес рәсімделмеген, көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жинаққа кірмейді.

Дала семинарын өткізуге байланысты барлық сұрақтарды, кеңестер мен тілектерді төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз: Бахтыбаев Мэлс Маратұлы е-mail: eleuovconf@mail.ru  

 

 

733 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper