Анонс


Музей саласының үздіктері анықталды - «Рухани қазына-2020» Таңдаулы

Бейсенбі, 01 Қазан 2020 16:04
Музей саласының үздіктері анықталды - «Рухани қазына-2020» KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2020» фестивалі аясында музей ісінің үздіктерін анықтайтын байқау өтті, деп хабарлайды, kazmuseum.kz сайты.

Байқауда облыстық, аудандық/қалалық, ауылдық маңызы бар музейлер және аталған музейлердің қызметкерлері бақ сынады.

Сонымен қатар «Үздік сайт», «Үздік онлайн жоба», «Бір отбасы – бір кәсіп», «Мәдениет жанашыры», «Үздік инклюзивті жоба», «Жас серпін», «Алтын Орданың 750 жылдығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының құрамында «Ұлытау» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Бақтияр Қожахметов, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева, «Бозоқ» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Сәуле Бөрібаева және Kazmuseum.kz қорының жетекшісі, музеология магистрі Нұрсерік Жолбарыс болды.

Жеңімпаздардың есімі 2020 жылғы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін салтанатты шарада жарияланады. Марапаттау салтанатын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирден көрсету жоспарланған.

2034 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper