Анонс


Бозоқ қорық-музейі республикалық байқау жариялады

Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 01:21
Бозоқ қорық-музейі республикалық байқау жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Бозоқ тарихи-мәдени музей-қорығы балалар мен жастар республикалық байқау жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz қоры. Назарларыңызға аталған байқаудың ережесін ұсынамыз.

«Бозоқтан-Нұр-Сұлтанға: көнеден бүгінге дейін»

республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілетін «Бозоқтан-Нұр-Сұлтанға: көнеден бүгінге дейін» республикалық интернет-байқаудың (бұдан әрі - Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

1. Мақсаты: тарихи-мәдени мұраны ашық аспан астындағы музейлер форматында насихаттау.  

Міндеттері:

a) өз елінің тарихына деген жастардың қызығушылықтарын өзектентіру;

b) ұлттық мақтаныш және абырой сезімін, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

c) жастарда ұлттық мұраға деген жауапкершілігін қалыптастыру;

d) елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға үлес қосу;

e) қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және азаматтық көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру.

 Байқауды Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы» РМҚК өткізеді.

3.Байқаудың ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

 

2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі 

 4. Байқау жұмыстары электронды түрде 2020 жылғы 8 мен 30 сәуір аралығында bozok.konkurs@mail.ru электронды поштаcына қабылданады.

2020 жылғы 30сәуірден кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары 2020 жылғы 11 мамырда bozok.kz сайтында орналастырылады.

5. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторға сілтеме жасай отырып, байқау материалдарын БАҚ құралдарына жариялауға құқылы. Қатысушыларға сараптамалық қорытынды мен пікірлер берілмейді.

6. Байқауға қатысу үшін bozok.konkurs@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттар жіберілуі тиіс:

1)    қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2)    электронды түрдегі байқау жұмысы.

                 

   3.     Байқауға қатысушылар және қойылатын талаптар

7. Байқауға жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады:

1) орта жас тобы: 11-14 жас;

2) жоғары жас тобы: 15-17 жас.

          8. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

1)    жұмыстың мәтіні MS Word мәтіндік редакторында басылуы тиіс.

Қаріпі: TimesNewRoman; қаріп өлшемі: 14; жоларалық интервал: 1;

2)    жұмыстың көлемі А4 пішіміндегі 1 беттен артық емес.

9. Байқау материалдарын бағалау өлшемдері:

1) жұмыстың хат жанрында орындалуы;

2) шығармашылық тәсілі және мәтінді жеткізудегі ерекше стилі;

3) анық көрсетілген авторлық көзқарас;

4) бейнелілік және эмоциялылық;

5) хаттың мазмұндылығы және тақырыпты ашуда дербес жұмыс жасауы.

10  Байқау жұмысының титул парағында келесілер көрсетіледі:

облысы, аудан (қала), ауылы;

білім беру ұйымының аталуы;

байқау аталуы;

автордың аты-жөні;

қатысушының жасы;

e-mail, байланыс құралдары;

жетекшісінің аты-жөні.

12.  Байқау жұмыстары бұрын басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс.

 

4.     Байқауды қорытындылау

13. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

14. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен марапатталады, орын алмаған қатысушыларға сертификат беріледі.

Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, қатысушыларға сертификаттардың, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттардың электронды нұсқалары bozok.kz сайтында мына сілтеме бойынша http:// bozok.kz   жүктеп алу мүмкіндігімен орналастырылады.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 999-062, 8777 250 36 88 («Бозоқтан-Нұр-Сұлтанға: көнеден бүгінге дейін»  байқауы).

Онлайн дипломдарды, сертификаттарды, алғыс хаттарды жүктеп алудың нұсқасы: bozok.kz → Орталық қызметі  → Республикалық іс-шаралар →     «Бозоқтан-Нұр-Сұлтанға: көнеден бүгінге дейін»  байқауы → әрі қарай).

 

 

 

Ережеге қосымша

 

 

Байқау қатысушысы туралы мәліметтер

 

Қатысушының

аты-жөні

Жасы

Облыс, аудан, қала, (ауыл)

 

Білім беру ұйымы;

сыныбы, курсы

(ҚММ, ММ, КМҚК)

Байқау, жұмыс атауы

 

Байланыс мәліметтері (ұялы телефон, эл. пошта)

 

Жетекшінің аты-жөні, бар болса, қызметі және жұмыс орны

Жетекшінің байланыс мәліметтері

(ұялы телефон, эл. пошта)

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

3718 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper