Анонс


Ұлттық музей 5 жылдығын атап өтеді

Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019 16:40
Ұлттық музей 5 жылдығын атап өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылғы 18-19 желтоқсан күндері  «Қазақстан музейлері: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан музейлерінің қазіргі әлемнің өзгермелі жағдайларына бейімделуі мен музейлер әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Бағдарламада «Алыс және жақын шетелдердің музей ісін дамытудағы тәжірибелері», «Қазақстан музейлері: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыптарында панелдік отырыстар ұйымдастырылады.  

Конференция аясында «Қазақ Алтайының қазынасы» көрмесі ашылады. Аталған көрмеге Елекесазы қорымындағы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында табылған ерте темір дәуірінің бірегей жәдігерлері алғаш рет ұсынылады. Сондай-ақ конференция барысында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме жобасының қорытынды пресс-конференциясы өтеді.

Конференцияның алға қойған негізгі міндеті: музейлер мен көрме кеңістіктерін цифрлық форматта дамыту саласындағы үздік тәжірибелерді көрсету, қазіргі заманға сай музей менеджментін дамыту, музей заттары мен коллекцияларын сақтау проблемалары шешу, музейлерді дамыту контекстіндегі мультимедиялық жобалардың рөлін арттыру, республикалық және өңірлік музейлер арасындағы шығармашылық белсенділік пен музей саласындағы медиажүйенің маңыздылығы мен басқа да өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері, музей басшылары және қызметкерлері, Қазақстандағы ИКОМ мүшелері, ЖОО-ның ғалымдары және мәдениет саласы қызметкерлері шақырылды.

3152 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper