Анонс


Музей мамандарына арналған конференция өтеді

Сейсенбі, 26 Қараша 2019 21:52
Музей мамандарына арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2019 жылғы 1 желтоқсан күні Отырар қалажұрты маңынан салынған «Сапар орталығының» ашылу салтанатын және «Отырар қалажұрты - Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және пайдалану ісінің озық үлгісі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция мақсаты -  Қазақстан археологиясының жетістіктері мен Отырардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелерін насихаттау және тарихи-мәдени мұраны зерттеу бойынша тәжірибе алмасу.


Конференцияның ғылыми-тәжірибелік бағыттары:
•Қазақстан археологиясындағы жетістіктері;
• Отырардағы реставрациялық, консервациялық жұмыстардың нәтижелері;
•Музей қорындағы мәдени мұраны сақтау;
• Тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ету.

 

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады

8(705) 7705285 Ақлима; 8(705) 8976881, 8(708)4072881 Үрзия

2344 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper