Анонс


«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты конференция өтеді

Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2019 14:21
«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің қауымдастығы 2019 жылғы 16-17 қазанда, сағат 11:00-де «Тарих және тұлға» көрмесі мен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ұлы дала мұрасы: тарих және тұлға;
  • Ұлттық мемлекеттілікті құру мен нығайтудағы тұлғаның рөлі;
  • Тұлға және дәуір;
  • Өнер және тұлға;
  • Музей – тұлғаның тарихтағы рөлін зерттеу және насихаттау орталығы.

 

Конференция Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде өткізіледі.

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 29 үй.

 

Бағдарламада:

15.10. – қонақ үйге орналасу, мәдени бағдарлама;

16.10 – көрменің ашылуы, конференция;

17.10 – Бөрілі (М.Әуезовтің музей-үйі),  Жидебайға (Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешені) сапар;

18.10 – Семей қаласынан аттану.

 

Конференция тілі: қазақ, орыс тілдерінде. Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың  30 қыркүйегіне  дейін 70shinar@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Жарияланым құны: тегін.

 Конференцияға қатысушылардың барлық шығындары өз есебінен төленеді.

 

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндама қазақ, орыс тілдерінде қабылданады, формат А-4, көлемі 6-7 беттен аспауы шарт.  Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см; сол жақ жиек – 3 см; шрифт - 14 кегль,  «Тіmes New Roman» гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автор туралы мәлімет беріледі: автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері және ұялы байланыс нөмірі, е-mail көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

  • Баяндама тақырыбы 12 сөзден аспауы тиіс;
  • Баяндама тақырыбы және аннотация негізгі мәтін алдында беріледі;
  • Аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;
  • Мақала мәтіні кілт сөздер соңында екі аралықтан кейін беріледі.

 

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

Дереккөз сілтемесі төртбұрышты жақшада (мысалы: [2, 116 б.]), әдебиеттер тізімі мақала соңында әдебиеттерді қолдану реті бойынша орналастырылады. Пайдаланылған дереккөздер саны бесеуден кем болмауы тиіс. Беттерге нөмір қойылмайды.

Көрнекіліктер JPEG форматында, 300 dpi кем болмауы керек. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді. Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді.

 

  1.  

Аты-жөні (толығымен)

 

  1.  

Мекеменің аты (толығымен)

 

 

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

  1.  

Қызметі (толығымен)

 

  1.  

Ғылыми дәрежесі

 

  1.  

Облыс, қала, аудан, ауыл

 

  1.  

Секция

 

  1.  

Байланыс мәліметтері (мекен-жайы,телефон)

 

  1.  

Е-mail

 

 

Ескерту: қажеттілік туған жағдайда өзгертулер мен толықтырулар туралы қосымша хабарландырамыз.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы:

- ШҚО,Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29;

 

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:

 

Садықова Шынар Мұратқызы

Жұмыс тел.: +7 (7222) 565-976, 563-222

ұялы тел.: +7 775 959 2750

е-mail: 70shinar@mail.ru

 

2609 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper