Музей қызметкерлеріне арналған республикалық байқау өтеді

Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 12:14
Музей қызметкерлеріне арналған республикалық байқау өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл музей мамандарының кәсіби шеберліктерін анықтау мақсатында музей қызметкерлері арасында ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген қайраткері  Н.Үлкенбайұлы атындағы  республикалық  І  байқауын  өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқау мақсаты - ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл музей мамандарын анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету. Сала мамандары мен көрермен арасындағы талғамдық құндылықтарға жету, музейге келушілермен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу.

Сайыс талаптары: 

Байқаудың 1 – кезеңі: «Келіңіз біздің музейге!» - музейді таныстыру. Байқауға қатысушылар өзі қызмет ететін музей экспозициясы бойынша (DVD, 3-Д)  форматында  ұзақтығы  5 минуттық бейнеролик тапсырады;

Байқаудың 2 – кезеңі: «Менің өмірімдегі музей» - музейдің мәдени-көпшілік немесе ғылыми - ағарту салалары бойынша енгізген жобасын таныстыру, қорғау;

Байқаудың 3-ші кезеңі: «Ұлы даланың ұлы есімдері» - өз  өлкесіндегі  ұлы есімдерді таныстыру;

Байқаудың 4-ші кезеңі: Сұрақ-жауап. (Сұрақтар Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбайұлының өмірі мен шығармашылығы, тұлғалық қасиеттері туралы болады).

Байқаудың бағалау негіздері:

Бағалау негіздері

Ұпай саны

5-10

1

Ақпаратты берудегі анықтық, дәлдік, сенімділік

 

2

Логикалық түйіні

 

3

Сөйлеу мәдениеті, жауапкершілігі

 

4

Жаңашылдығы  (ақпаратты берудегі өзіндік тәсілі)

 

 

Қатысу шарттары:

 1.1.Байқауға республика көлеміндегі облыстық, аудандық тарихи-өлкетану музейлерінің, музей-қорықтарының, тұлғалық музейлердің бөлім меңгерушілері, ғылыми қызметкерлері мен мамандары, экскурсоводтарын қатыстыру көзделуде.

1.2. Байқауға қатысу үшін белгіленген үлгіде өтініш (қосымша 1) пен қосымша құжаттар пакеті (портфолио) Атырау облысы, Атырау қаласы, Б.Момышұлы-3 көшесі, e-mail: atyrau-museum@mail.ru эл. почтасына жібере алады. Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне тапсырылуы керек.  Биылғы жылы Жастар жылы болып белгіленуіне орай, байқауға қатысушылардың жас шамасы 20 мен 45 жас шамасында болуы шарт.

1.3. Байқауға қатысушының өтінішін қарау мен байқаудың  қорытындысын Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбайұлы атындағы І Республикалық музей қызметкерлері байқауының қазылар алқасы шығарады.

1.4. Байқау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

1.5.Байқауға қатысушылардың жатын орындары мен жол шығыны ұйымдастырушылар есебінен жүзеге асырылады.

1.6. Байқаудың өткізілу мерзімі:

Байқауға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады.

Байқаудың өткізілетін күні: 20-21 мамыр 2019 жыл 

Байқау жеңімпазын марапаттау:

Қорытынды кезеңде байқауға қатысушылар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар,  сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары белгіленген.

 Тіркелу үлгісі

Аты жөні (толығымен) ___________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы   _________________________________________

Жұмыс орны ____________________________________________________

Қызметі    _______________________________________________________

Жұмыс орнының мекен –жайы _____________________________________

Телефоны (байланыс үшін) ________________________________________

Электронды пошта (байланыс үшін) ________________________________

 

Мекен жайы:

Атырау облысы,

Атырау қаласы,

Б.Момышұлы   көшесі 3 үй,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Телефон: 8(7122) 32 36 64, 32 81 36

412 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper