Анонс


Музейтану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар үшін семинар ұйымдастырылды

Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 22:43
Музейтану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар үшін семинар ұйымдастырылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығында оқитын студенттері мен магистранттары үшін «Қазақстан музейлері: бүгіні мен келешегі» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинар кезінде музеолог Нұрсерік Жолбарыс студенттер мен магистранттарға Қазақстан музейлерінің әдістемелік қызметі мен шетел музейлерінің озық тәжірибелерін таныстырды.

Екі кезеңнен тұратын семинардың алғашқы бөлігінде студенттер мен магистранттар Қазақстан музейлеріндегі кітап қоры, ғылыми және әдістемелік мақалалар көлемі, штат кестелеріндегі жаңа өзгерістер, статистикалық мәліметтер, сайт жұмыстары туралы «Kazmuseum.kz» қорының жеке зерттеулерінің негізінде жасалған және бұрын жарияланбаған ақпараттармен танысты.

Қатысушыларды Ұлыбритания, Ресей және Түркия, АҚШ музейлеріндегі озық тәжірибелер де қызықтырып, алдағы уақытта студенттер мен магистранттар бұл бағытта жұмыс жасауға ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, студенттер мен магистранттарға болашақта сұраныстағы мамандардың қатарынан көріну үшін қандай жобаларды қолға алу керектігі туралы да кеңестер берілді.

«Kazmuseum.kz» қоры семинарды ұйымдастырудағы әріптестік байланыстары үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология және этнология, музеология кафедрасының ұжымына алғысын білдіреді.

 

3302 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper