Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай конференция өтеді

Жұма, 08 Ақпан 2019 17:17
Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ашылғанына 5 жыл толуы мен 18 мамыр –  Музейлердің халықаралық күніне орай 2019 жылдың 22 мамыр күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы, даму үрдісі, мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция барысы төмендегі бағыттарды қамтиды:

—Музейдегі қорды қалыптастыру жұмысы;

—Музей экспозициясы;

—Музей қызметіндегі заманауи ақпараттық технологиялар;

—Мәдени мұраны сақтаудағы  және насихаттаудағы музейдің ролі;

—Заманауи бағытындағы музейлер және халықаралық байланыс;

—Қазақстандық музейлердің өзекті мәселелері.

 

Конференция тілі: қазақ және орыс тілдерінде.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін muzei2019@yandex.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Материалдар жинағы авторларға конференция күні тегін таратылады.

БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Баяндама қазақ, орыс тілдерінде қабылданады, формат А-4, көлемі 5-7 беттен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер –2 см, оң жақ жиек –2 см, сол жақ жиек –3 см; «Times New Roman» шрифтімен14 кегль, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автор туралы мәлімет беріледі: автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері және ұялы байланыс нөмірі, e-mail көрсетіледі. Бір интервалдан кейін бас әріптермен баяндаманың тақырыбы.

—Баяндама тақырыбы 12 сөзден аспауы тиіс;

—Баяндама тақырыбы және аннотация  жазылып, негізгі мәтін алдында беріледі;

— Аннотациядан кейін кілт сөздер;

— Мақала мәтіні кілт сөздер соңында екі интервалдық аралықтан кейін беріледі.

 

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

Мәтінде сілтеме тік жақша түрінде рәсімделіп, әдебиеттер тізімінде деректердің беті көрсетіледі. Мысалы: [6, 2 б.]. Көрнекіліктер JPEG форматында, берілуі тиіс.

Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты. Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін жұмыстарды және жоғарыда көрсетілген  күннен кейін қабылдамауға құқылы.

 

ӨТІНІШ ФОРМАСЫ

Аты-жөні (толық) __________________

Мекеменің аты (толығымен)_________

Баяндама(мақала) _________________

Қызметі (толығымен)_______________

Ғылыми дәрежесі _________________

Секция: _________________________

Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефоны) _____

Автордың мекен-жайы___________________________

E-mail ________________________________________

Баяндамаға қажетті құралдар (проектор, слайд)_____

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейі. Сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңіз болса мына телефонға хабарласуға болады:   +7(7172)91-90-35 

896 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper