Анонс


Әскери-тарихи музей халықаралық конференцияға қатысуға шақырады

Жұма, 07 Қыркүйек 2018 02:15
Әскери-тарихи музей халықаралық конференцияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі 2018 жылғы 19 қазан күні Қожаберген батыр Жәнібекұлының туғанына 320 жыл толуына орай «ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  1. Қожаберген батырдың өмірі мен күресі
  2. Ежелгі, орта ғасырлардағы және жаңа замандағы қазақ батырларының әскери өнері және соғыс тәсілдері
  3. Ұлт тағдырын шешкен ұлы шайқастардағы дала батырларының айрықша орны
  4. Жаугершілік замандағы қазақ батырларының елшілік істерінің ерекшеліктері
  5. Қазақ батырларының жәдігерлері – қазақ тарихының қастерлі мұрасы

 Конференция соңында қатысушыларға сертификат тапсырылады. Конференцияға сырттай қатысу мүмкіндігі қарастырылған (конференция материалдарының жинағына мақала жіберуге болады).

Конференцияның жұмыс тілі - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның материалдар жинағында мақала жариялау тегін.

 Ұйымдастыру комитеті авторлардан баяндаманы әзірлеген кезде мына ережелерді басшылыққа алуды өтінеді: материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс, аралық өлшемі – 1, Times New Roman қарпімен А4 форматында 14-кегльмен  басылған, беттердің барлық жағынан өлшемі 2 см болуы керек. Жоғарғы жақтан үлкен әріптермен баяндаманың тақырыбы, бір аралықтан кейін автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы, электрондық поштасы, үш аралық арқылы баяндаманың мәтіні азат жолдан теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  сілтемені пайдалану ретіне қарай жазылады. Сілтеме тік жақшада беріліп, әдебиет нөмірі және беті көрсетіледі. Мысалы: [1, 2 б.].

Суреттер мен таблицалар бар жұмыстар тек JPEG, TIFF форматында ғана жеке файлмен қабылданады. Сурет өлшемі 2 Мп-ден кем болмауы тиіс. 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

                                     

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ (БАС ӘРІПТЕРМЕН)

 

Аты-жөні, тегі (толық), ғылыми дәрежесі,

ұйымның атауы, эл.пошта мекен-жайы

 

Мақала мәтіні

 

Әдебиеттер

(мәтіндегі әдебиеттерге сілтеме тік жақша түрінде беріледі [1, 2 б.])

 Назар аударыңыз!

Конференция материалдары 2018 жылғы 19 қыркүйекке дейін қабылданады.

Мақалалар жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дайындалуы тиіс.

Кейінгі кездері шығармашылық ұрлықтың (плагиат) көптеп орын алуына байланысты мақала тапсыруда заң талаптарын («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I Заңының 19-бабы; 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 199-бабы) сақтауларыңызды сұраймыз.

 Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика даңғылы 2.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 44 25 71; 8 747 536 36 84 (Жанеля Аркенова); 8 775 662 40 66 (Алмагүл Джангудинова).

Мақалаларды мына  пошталық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

askeri-tarihi-muzey@mail.ru

2662 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper