Анонс


Ұлттық музей сала мамандарының энциклопедиясын жарыққа шығарады

Сәрсенбі, 25 Шілде 2018 02:22
Ұлттық музей сала мамандарының энциклопедиясын жарыққа шығарады KAZMUSEUM.KZ -  

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі "Музей саласы қызметкерлерінің энциклопедиясы" атты жоба ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің ғылыми-әдістемелік қызметіне сілтеме жасап. 

Жобаның басты мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени дәстүрді жаңғырту мен дамытуда, оның ішінде музей саласының мәртебесін жоғарылату және беделін арттыруда еңбек сіңірген музей ісінің үздіктерін анықтау.

Аталмыш жоба барысында қазақ және орыс тілдерінде энциклопедиялық кітап жарық көреді. Осы орайда, Сіз басқарып отырған мекемеден музей саласына сүбелі үлес қосқан, еңбек өтілі 10 жылдан жоғары 1-2 қызметкерді ұсынуыңызды сұраймыз. Қызметкерлер туралы мәліметті қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған үлгі бойынша жіберу қажет.

Ақпарат 2018 жылдың 20 тамызына дейін muzei_uzdikteri@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Ақпаратты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мәтін қазақ, орыс тілдерінде, формат А-4, көлемі 1 беттен аспауы шарт. Мәтін шрифті 14 кегль «Times New Roman» гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Үстіңгі, төменгі жиектері -2,0 см, оң жақ жиектері -2,0 см, сол жақ жиегі -3,0 см.

 ҮЛГІ: 

ФОТО (міндетті түрде)

 Аты-жөні: 

Туған күні, айы, жылы:

Туған жері:

Қазіргі жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, қызметі:

Е-mail:

Еңбек өтілі:

Өмірбаяны:

1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетін бітірген. 1981 жылдан бері музей саласында жемісті қызмет етіп келеді.

1981-1983 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қор сақтау бөлімінің аға ғылыми қызметкері, көпшілік-экскурсиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1983-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жемісті қызмет етті. 1989 жылдан осы музейдің бас қор сақтаушысы қызметін атқарды. Мәскеу, Санкт-Петербург, Астана, Алматы, Ташкент қалаларында іс тәжірибеден өткен. Көптеген көрмелер ұйымдастыруға атсалысты: «Қарқара-98», «Қанатты әйел», «Астана күні – Юг-99», Өзбекстанда «Достық керуені», «Астана мыңжылдықтар аясында», «Шырайлы Оңтүстік шежіресі», «Қазыналы Оңтүстік», «Тәуелсіздік белестері» т.б. үлкенді-кішілі көптеген көшпелі көрмелерді өз басшылығымен жасақтап, шеберлігімен ұйымдастырып, көрсетуге ат салысқаны үшін түрлі марапат, сыйлықтарға ие болды.

Жетістіктері мен марапаттары: Қазақстан Республикасы Қолөнершілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері. Облыстық мәдениет басқармасының мақтау қағазымен (1990 ж.), облыс әкімінің алғыс хатымен (2001 ж., 2012ж.), ЮНЕСКО-ның алғыс хатымен (2000 ж.), «Шеврон» компаниясының алғыс сертификатымен (2011 ж.), Халықаралық Абай қорының марапат қағазымен (2007 ж.), Қазақстан музей ісінің дамуына қосқан үлестері үшін «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісі (2007 ж.), ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы комиссиясы төрайымының Алғыс хаты (2009 ж.), ҚР Ұлттық музейінің дамуы мен халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесі үшін «Қазақ хандығына 550 жыл» естелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

3793 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper