Анонс


Музей қызметкерлері мен журналистерге және өнертанушыларға арналған тренинг өтеді

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 01:30
Музей қызметкерлері мен журналистерге және өнертанушыларға арналған тренинг өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде 2018 жылғы 17 ақпан күні сағат 14.00-16.00 аралығында  «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында өнертанушы әрі журналист, «Вечерний Алматы» газетінің мәдениет саласы жөніндегі шолушысы Юрий Каштелюк өнертану және журналистика факультеттерінің студенттеріне, жаңадан қосылған журналистерге және барлық келем деушілерге арнап «Өнер жайында жазудың өзі өнер» тақырыбында тренинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Өнер тақырыбы журналисттен үлкен кәсіби қайтарымды талап етеді. Мәдени оқиғалардың әлемінен жылдам хабардар болып, өнер туындылары қалай жасалатынына талдау жасау, салыстыру, түсінумен қатар жанрлар мен стильдер туралы білім багажы болу қажет. Мәтіндерді тез әрі сапалы құрастыру қасиетіне ие болу маңызды. Осының барлығы туралы тренингте айтылады. Екі сағатқа созылатын сабақ теория мен практиканың байланысына құрылып, сонымен бірге, практикалық жаттығулар көбірек жасалатын болады. Тыңдаушылар өнертанушылар мен суретшілерден түсіндірмелер алуды, бейнелеу өнері тақырыбына сын пікірлер, очерктер жазуды үйренеді.

Алған білімдерімен қаруланған тренинг қатысушыларына очерк немесе сын пікірлер жазу ұсынылады. Ең үздік деген материалдар БАҚ-на жарияланатын болады! Мәдени өмір туралы AlmatyLife.kz журналы да үздік очерктер мен сын пікірлерді жариялауға дайын екендігін мәлімдеді. «Тренинг кезінде мамандықты үйреніп шығу мүмкін емес, дегенмен алдағы кәсіби дамуға ынталандыратын тақырыпты білуге, меңгеруге болады», - дейді автор және тренинг жүргізушісі Юрий Каштелюк.    

Тренинг жүргізушілері жайында:

Каштелюк Юрий Исаакович. Журналистикадағы еңбек өтілі – 20 жыл. «Вечерний Алматы» газетінің мәдениет саласы жөніндегі шолушысы. Журналисттің кәсіби тәжірибесінде  қазақстандық және ресейлік жетекші БАҚ-мен қызметі және серіктестігі бар, соның ішінде ИА REGNUM, «Хабар» агенттігі, «Литер» қоғамдық-саяси газеті.

Кіру билетінің бағасы – ересектерге 1000 теңге, студенттерге, мектеп оқушыларына, зейнеткерлерге – 500 теңге.  

 

 «Әсем Әлем» Өнер академиясының жетекшісі - Клара Исабаева  

 

4136 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper