Отырар қорық-музейі республикалық семинарға шақырады

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 12:22
Отырар қорық-музейі республикалық семинарға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейі «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 

Өтетін уақыты: 10-11қараша 2017жыл

Өтетін орны: Отырар аудандық мәдениет сарайы

Семинардың ғылыми-тәжірибелік бағыттары:

• Музей қорындағы жәдігерлерді есепке алуда қолданылатын ережелер;

• Музейлік жәдігерлер қайта қалпына келтіру және сақтау ережелері;

•Қолданбалы өнерді дамыту. 


  Семинардың қызметтік тілдері: қазақ, орыс


Семинар жұмысына қатысуға ниет білдірушілер 2017 жылдың 05 қарашасына дейін Ұйымдастыру комитетіне ұсыну керек: - қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш білдіру; - төменде берілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндаманың (баяндамалардың) тезистері. Семинарда оқу үшін дайындалған материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Инд: 160700, ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК немесе «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби музейі» МКҚК. 

Электронды мекен-жайы (е-mail): Turlibek_80@mail.ru 

Анықтама үшін телефон: 8(705) 770-52-85, 8 (705) 713-66-00

Жауаптылар: Жұмашова Ахлима Абдуллақызы, 8(705) 770-52-85

                          Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлы, 8 (705) 713-66-00 


Баяндамаларды рәсімдеуге арналған талаптар:


А4 (210х297 мм) форматындағы 8 толық беттен аспайтын, оның ішінде суреттер және кестелер көлеміндегі тезис мәтіні MicrosoftWord (құжат кеңейтімі: .doc) мәтіндік редакторда TimesNewRoman (KZTimesNewRoman, Times/Kaz және т.с.с.) қарпімен, өлшемі – 14, интервалы – дара, өрісі: барлық жағынан 2,5 см., шегініс маржасы 0,8 см. талаптарына сәйкес терілуі тиіс. Қайнар көздерге сілтеме төртбұрыш жақшаларда [1, 24 б.] беріледі, сілтемелерді нөмірлеу мәтін бойында үздіксіз болуы тиіс. Толық библиографиялық тізім мәтіннің соңында бір интервал арқылы беріледі. Тезистердің мәтіні жақсы сапамен басып шығарылған (парақ нөмірін көрсетілуі қажет) қағазда бір данада және электронды түрде ұсынылуы тиіс. Өзге қаланың қатысушылары үшін тек электрондық пошта бойынша рұқсат етіледі. Электронды нұсқадағы өтініш, баяндама тезистері бойынша құжаттардың көшірмесі жеке файлдармен ұсынылады. Файлдардың атауында бірінші бетте ортада автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетілуі тиіс. Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып табылады. Семинар материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес болуын мұқият өңделген түрде материалдарды ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз. Талаптары сақталмаған немесе белгіленген мерзімнен кешірек берілген, сондай-ақ жариялауға ғылыми мүдде бермейтін құжаттардың тезистері қабылданбайды және қайтарылмайды. 

586 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper