Елімізге белгілі институт музей қызметкерлерін байқауға қатысуға шақырды

Бейсенбі, 10 Тамыз 2017 14:43
Елімізге белгілі институт музей қызметкерлерін байқауға қатысуға шақырды KAZMUSEUM.KZ -  

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Институттың Жас ғалымдар кеңесі қазақтың тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті ЕРМҰҚАН БЕКМАХАНОВ атындағы сыйлыққа жас тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқау жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

 

  • · дарынды жас тарихшылар мен зерттеушілерді іздестіру, олардың ғылыми және шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету;
  • · жас буын өкілдерін Ермұқан Бекмахановтың ғылыми мұрасымен таныстыру, оның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау;
  • · рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқы тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге жас ғалымдарды тарту.

 

Байқауға 35 жасқа дейінгі еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтарының, музейлер мен архивтердің, өзге де мекемелер мен ұйымдардың жас қызметкерлері, тарих пәні бойынша сабақ беретін мектеп мұғалімдері, жас тарихшы-ғалымдар, шетелдегі жас қазақ зерттеушілері қатысуға шақырылады.   

 

БАЙҚАУҒА ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

 

  • · Рухани жаңғыру және тарих ғылымы: жаңа мәселелер мен міндеттер;
  • · Алаш қозғалысына 100 жыл: тарихы мен тағылымы;
  • · Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс және Қоқан автономиясы;
  • · Қуғын-сүргін қасіреті: ұлт зиялыларының тағдыры мен мұрасы;
  • · Жаңа қазақ емлесі және латындандыру тарихы: өткені мен бүгіні;
  • · Тұлға және тарих: 100 жаңа есім және тәуелсіздік тарихы;
  • · Киелі Қазақстан: өлкетану, ескерткіштану және сакральды география мәселелері;
  • · Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы: ғалым еңбектерінің тарихи сананың қалыптасуы мен ұлттық тарихтың жаңғыруына қосқан үлесі.  

 

БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 

  • · байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми мақала түрінде қабылданады;
  • · мақала байқаудың негізгі бағыттарының біріне арналуы тиіс;  
  • · мақаланың көлемі 5 беттен кем емес, 12 беттен аспауы шарт (шрифт – Times New Roman, кегль – 14, интервал – 1, шектері – 2 см);
  • · мақала ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға жауап беріп, мәтіннен, қолданылған деректер мен әдебиеттер көрсеткішінен тұру керек;
  • · мақалада зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, алға тартылған ойлардың құжаттық-деректік дәлелдері келтірілген жөн.

Байқаудың қорытындылары, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Институт ғалымдарынан құралған Байқау комиссиясымен шығарылады.

Байқауға қабылданып, іріктеуден өткен жұмыстардың авторлары арнайы алғыс хаттармен және қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

Байқаудың жалпы ұтыс қоры 2 000 000 теңгені құрайды

Оның ішінде байқау жеңімпазына – 500 000 теңге

2 орынға – 250 000 теңге

3 орынға – 125 000 теңге

Сонымен қатар қалған 5 үздік байқау жұмыстарына 50 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалады.

Іріктеуден өткен үздік жұмыстар (ғылыми мақалалар) Байқау комиссиясының шешімімен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің ғылыми ізденіс пен зерттеулердің қорытындыларын жариялауға ұсынған ғылыми журналдарында («Отан тарихы» және        «e-history.kz») тегін жарияланады.  

Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 10 қазанына дейін байқау жұмыстары қатысу туралы өтініштермен бірге электронды нұсқада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің электронды поштасына smu_iie@mail.ru жолданады (хаттың тақырыбында «Бекмаханов» байқауы деп көрсетілуі тиіс).

 

Байланыс телефоны және факс:

Контактный телефон: 8 (727) 272-46-55, 8 (702) 448-71-13

Факс: 8(727) 261-67-19

                  ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ     

                     

1

Тегі, аты-жөні (толық)

 

2

Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)

 

3

Атағы немесе дәрежесі

 

4

Байланыс телефоны және мекен-жайы

 

5

E-mail

 

6

Мақаланың атауы

 

 

585 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper