Музей қызметкерлеріне арналған семинар өтеді

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 02:47
Музей қызметкерлеріне арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикалық «Музейлердің мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, зерттеу және жетілдіру ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-кеңесіне қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинар-кеңес 2017 жылғы 17 мамыр күні Түркістан қаласында өтеді.

Іс-шараның мақсаты: Жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерді пайдалану, музей саласында кеңінен пайдалану, музейде жаңашалық ұсыну,семинар-кеңестің қорытындысын шығару, музейлер үшін көкейкесті мәселелерді талқылау, пікір алмасу. Бүгінде ел бірлігі, мемлекетшілдік елдік сананың нығаюының жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуінің өзектілігі артып отыр. Халқымыздың ұлттық мемлекеттік тарихында зор рухани игі ықпалы болған мұраларымыздың насихатталуы мемлекеттік маңызы бар ортақ іс.

Өтетін орны: «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің Мәжіліс залы

Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 282 А. Тел.: 8/72533/ 3-23-00. www.azretsultan.kz, e-mail: azret-sultan@mail.ru

 

 

 

 

552 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper