Ұлттық музей Наурыз мейрамын өткізудің жаңа үлгісіне арналған конференция ұйымдастырады

Сейсенбі, 28 Наурыз 2017 04:56
Ұлттық музей Наурыз мейрамын өткізудің жаңа үлгісіне арналған конференция ұйымдастырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз» атты Республикалық ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференцияда наурыз мейрамын өткізудің жаңаша, мағыналық, мазмұндық жағын кемелдендіру тұрғысында  ғалымдардың ой-пікірлерін ортаға салу көзделген.

Іс-шараның мақсаты– халқымыздың салт-дәстүріне өскелең ұрпақтың назарын аудару. Наурыз мерекесінің бастауында  бейбітшіліктің, келісімнің, игі мақсаттардың бастауы мен жаңарудың жатқанын дәріптеу.

Наурыз мейрамын дүниежүзі халқының көпшілігі атап өтіп, кең көлемде тойлап келеді. Наурыз мерекесін атап өту арқылы біз дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғыртуға, оған қамқорлық жасауға мүмкіндік аламыз.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми-әдістемелік қызметі ұйымдастырады.

Басталуы: 2017  жылғы  29  наурызда сағат 10:00-де.

632 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper