Анонс


«Алаштану және музей» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017 02:40
«Алаштану және музей» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Түркістан түркі әлемінің астанасы» деп жариялауына және Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 

Өтетін уақыты:  12 мамыр  2017 жыл

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары

  1. Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы орны   
  2. Алаш қозғалысы және Алаш үкіметінің зерттелуі мен насихатталу жайы
  3. Музей және алаштану мәселелері

 

        Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен алаштанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, музейлер және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу  институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді

 

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282 А, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, тел (факс) 8(725-33) 3-23-00,  e-mail: azret-sultan @mail.ru

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.

4. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.

5.Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.

Конференцияға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2017 жылдың 21 сәуіріне дейін жіберілуі тиіс.

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

 

 

 

Тіркеу қағазы

  1. Фамилия
  2. Аты
  3. Әкесінің аты
  4. Ғылыми атағы
  5. Мекеме аты (ғылыми мекеме, ЖОО, мекен-жайы т.б.)
  6. Автордың мекен-жайы (пошталық индексі міндетті)
  7. Е-mail (міндетті)
  8. Телефон / факс
  9. Баяндаманың атауы /мақала/
  10. Қажетті техникалық құралдар
  11. Қонақ үйден орын қажеттігі (ия, жоқ)

 

2656 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper