Анонс


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі фотографтар арасында байқау жариялады

Жексенбі, 12 Наурыз 2017 03:15
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі фотографтар арасында байқау жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы аталуына орай «Түркістан және тарихи ескерткіштер» тақырыбында фото байқау жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқаудың мақсаты және міндеттері:

  • Қаланың көркем образдық тұрғыдан жарқын фотосуреттер арқылы жастардың отансүйгіштік қабілетін арттыру
  • Туған  қаласына  деген  сүйіспеншілік,  мақтаныш  сезімдерін  фотоөнер  арқылы 

білдіруге мүмкіндік беру;

  • Фотосурет  саласында  кәсіби  және  көркемөнер  шығармашылығын  дамытып, 

насихаттауға ықпал жасау;

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көркем фотоға түсіріп, қалаға келуші қонақтарға ұсыну; 

 

 

Байқау бір кезеңнен тұрады.

Байқаудың өту мерзімі: 2017 жылғы 10 наурыз – 1 мамыр аралығы

 

Байқаудың  жұмыстарына  қойылатын талаптар

 

  • Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.
  • jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады. Көлемі 300*1200-дан кем болмауы керек.
  • Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.
  • Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды.
    • Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды.
    • Байқауға қатысушы әрбір тақырып бойынша 3 фотосуреттен, барлығы 12 фотосурет жолдауы тиіс.
    • Фотобайқауға тақырып  бойынша  авторлық  фотожұмыстар  қабылданады;
    • Фото бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек;
    • Жұмыстармен бірге  сауалнама-өтінім  берілуі  тиіс. Өтінімде  қатысушының  толық  аты-жөні,  жасы, мекен – жайы,  байланыс  телефоны, оқу орны немесе жұмыс орны,  номинация,  жұмыстың  атауы;
    • Байқауға ұсынылған  фотосурет музей қорына өтеді, авторға қайтарылмайды.
    • Фото музей поштасына жіберіледі немесе автордың өзі музейге жеткізеді;
    • Суреттер арнайы мамандардан жасақталған қазылар алқасымен іріктеліп алынады
    • Сауалнама, тұжырымдама музейдің электронды адресіне жіберіледі.  Е-mail: azret_sultan@mail.ru
    • Байқауды өткізу және қатысу шарттары музейдің azretsultan.kz  сайтына жарияланады
    • Байқау  жұмыстары  мен  өтінімдер  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне  2017 жылдың  10 наурыз – 1 мамыр айлары аралығында қабылданады

 

Байқау  келесі  номинациялар  бойынша  өткізіледі:

  • І номинация  «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі»
  • ІІ номинация «Түркістан кереметтері»
  • ІІІ номинация «Тарихи-мәдени ескерткіштер»

Байқаудың  қазылар  алқасы  мен  марапаттаулары

 

  1. Байқаудың  қазылар алқасы ұсынылған материалдарға талдау  жасап,  бағалап,  ең  үздік  материалдарды анықтайды.
  2. Ұйымдастыру комитеті фотосуреттерді музей  көрмелеріне қою арқылы насихат жұмыстарын жүргізеді
  3. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау  қағаздарымен,  ақшалай сыйақылармен марапатталады.

 

Байланыс

Түркістан қаласы, Тәуке хан 282 А,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы РМҚК

azret_sultan@mail.ru

Тел: 8 (72533) 3-23-00

2563 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper