Анонс


ВАКАНСИЯ: Ұлттық музей бос лауазым орындарына конкурс жариялады

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 22:19
ВАКАНСИЯ: Ұлттық музей бос лауазым орындарына конкурс жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне экскурсия жүргізушілер қызметіне (гидтер) қабылдау жарияланады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Қойылатын басты талаптар: қазақ, орыс және шет тілдерінің бірінде (ағылшын, неміс, француз, испан, араб, қытай) тілдерінде еркін сөйлеу, сауаттылық, жақсы дикция, креативті және шығармашыл ойлау, еліміздің азаматтарымен және шетелдік туристермен жұмыс істеуге деген ынта. 
Жоғары немесе арнаулы орта білім, гуманитарлық бағыт. Еңбек тәжірибесі болғаны құпталады. Экскурсия негіздері бойынша оқыту жүргізіледі.
Түйіндемені  museum-excursion@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады», - делінген хабарламада.

Сұхбаттасу 2016 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. 
Қосымша ақпаратты 87172 919035, 919036 (экскурсиялық бөлім) телефондары арқылы алуға болады.


Фото: weproject.kz

3137 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper